Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қаңқа тіні. Олардың жалпы сипаттамасы. Жіктелуі

Автор:   •  Апрель 2, 2021  •  Реферат  •  1,719 Слов (7 Страниц)  •  1,057 Просмотры

Страница 1 из 7

65,Қаңқа тіні. Олардың жалпы сипаттамасы. Жіктелуі.

Қанқа тіндері - тіректік және механикалық функциялары жақсы дамыған.Дәнекер тіндер секілді қаңқалық тіндер жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық зат жоғарыда аталған тіректік және механикалық функцияларды іске асырады.Сондықтан ол қаңқалық тіндерде көлемі жағынан басым және функциялық тұрғыдан жетекші болып табылады. Сол үшін жасушааралық заттың химиялық құрамы да және ерекше құрылымдық ұйымы да сай келеді .

Қаңқалық тіндер функциясына тоқталатын болсам қорғаныш, транспорттық қызметтерді атқарады, су-тұздық алмасуға қатысады. Осы функциялар ақасында қанқалық тін организмнің гомеостазын қамтамасыз етеді.

Қанқалық тін 2ге бөлінеді: Шеміршек тіні және сүйек тіні. Шеміршек және сүйек тіндері бірігіп ішкі орта тіндеріне жататын қаңқалық дәнекер тіндері. Сондықтан оларға ішкі орта тіндерінің барлық жалпы белгілері тән.Олар:

1) организмнің гомеостазын сүйемелдеу функциясы ;

2) жасушааралық затының көп болуы;

3) мезенхимадан дамуы;

Ұрықтың шеміршек тіні дене салмағының 50%, ал эмбрионнан кейінгі кезеңде — 2% құрайды. Сүйекішілік даму 5-ші аптасынан бастап сүйек тініне ауыса бастайды,  Ал 2 жылға қарай (бас сүйектері), 8 айға қарай (омыртқа, қабырға), 1 жылға қарай (аяқ-қол)  қатая бастайды.

I. шеміршек тіндері

Шеміршек тіндері-дәнекер тіндерінің жоғары маманданған тіні. Олар құлақ жарғағының, тыныс алу мүшелерінің (мұрын, көмей, кеңірдек, бронхылар), омыртқааралық дискілердің,буындардың құрамына кіреді және іштегі нәресте скелетінің едәуір бөлігін құрайды.

Шеміршек тіндерінің функциялары:

1) іштегі нәрестеде - пішін қалып-тастырушы, яғни олар кейін сүйек тіні дамуына негіз болатын шеміршекті модель (қалып) құрайды;

 2) постнаталды кезеңде тіректік қызмет атқарады (мысалы, қуысты ағзалар қабырғасының қаттылығын қамтамасыз етеді).

Шеміршек тіндері шеміршек жасушаларынан (хондробласттар, хондроциттер, хондрокласттар) және жасушааралық затынан тұрады ,Шеміршек тіндерінде 70-80- су, 10-15%-органикалық заттар және 4-7%- минералды заттар бар.

Шеміршек жасушалары- хондробласттар, хондроцитттер (хондрокласттар).

II. Сүйек тіндері

Сүйек тіндері - сипатталатын дәнекер тіндердің маманданған бір түрі,Яғни  жасушааралық заты жоғары дәрежеде минералданған. Оларда минералды тұздарының мөлшері жетерлік, Мысалы айтатын болсақ сүйектің құрғақ массасының 65 -70% - Са-.Мg-дің фосфорлықышқыл тұздары және 30-дан үстем микроэлементтері алып жатыр. Органикалық заттармен бірге қосылып минералды тұздар сүйек тіндеріне беріктік қасиет береді.

Сүйек тінінің функциялары:

1) тіректік-механикалық - канка жүйесінің жалпақ және түтікті сүйектері негізінді:

2) Қорғаныш- ішкі ағзаларды механикалық зақымданудан сақтайды, және сүйектің қызыл кемігі үшін қаңқа қызметін атқарады;

3) локомоторлық - организмнін қимылдатқыш функцияларын анықтайды:

4) минералдық- (Су. Р және т.б.) гомеостазды реттеуге қатысу.

Сүйек тіндері  миниралды заттары аз жасушалардан және қатты дамыған жасушааралық заттан тұрады.

Сүйек тіндерінің жасушалары: остеоциттер, остебласттар, остеокласттар.

66.Шеміршек тіндері. Жалпы сипаттамасы. Шеміршек тіндерінің түрлері (гиалинді, эластинді, талшықты).

Шеміршек тіні - шеміршекті жасушалардан және тығыз жасушааралық заттардан (матриксадан) тұратын тірек-трофикалық тіндердің бір түрі. Шеміршек тінн механикалық функцияны орындайды, буынды беттерді жабады, тозуға төзімділікті арттырады, қысу және созылу күшін амортизациялауды және қайта бөлуді жүзеге асырады, сондай-ақ ауа жолдарының және сыртқы құлақтың қабығын қалыптастырады.

Шеміршек тіндері шеміршек жасушаларынан (хондробласттар, хондроциттер, хондрокласттар) және жасушааралық затынан тұрады ,Шеміршек тіндерінде 70-80- су, 10-15%-органикалық заттар және 4-7%- минералды заттар бар.

...

Скачать:   txt (28.3 Kb)   pdf (150.2 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club