Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ зиялылары өкілдерінің Жалпы Ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы

Автор:   •  Февраль 13, 2018  •  Реферат  •  1,947 Слов (8 Страниц)  •  4,079 Просмотры

Страница 1 из 8

                         Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

                   «Алматы энергетика жəне байланыс университеті»

                        Қазақстан тарихы жəне мəдениеті кафедрасы

                              Семестрлік жұмыс №1

                   Пəн : Қазіргі заман қазақстан тарихы

                   Тақырып: Қазақ зиялылары өкілдерінің Жалпы Ресейлік                мұсылман съездеріне  қатысуы                        

                   Мамандық :

                   Группа :

                   Студенттік билет нөмірі : 17

                   Орындаған :

                   Қабылдаған : т.ғ.к. доцент Раджапов А.Ө.

        ____________                _______________    «___»  ____________2018 жыл

              (Баға)                                      (Қолы)                                            

                                                           

                                          Алматы,2017 жыл

[pic 1]

Жоспар:

           Кіріспе

  1. Жалпы Ресейлік мұсылман съездері
  2. Қазақ зиялыларының съездерге қатысуы

Қорытынды

[pic 2]

                                        Кіріспе

Семестірлік жұмыста ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс орталық езгіге қарсы Ресейдегі түркі жəне өзге де мұсылман халықтарын тұтас бір майданға біріктіру жолында өзіндік діни, ұлттық, мəдени жəне саяси талаптады көтерген демократиялық сипаттағы күрес болып табылатындығын, бұл қозғалыстың негізін құрайтын түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болатындығын қарастырамыз.

Мұсылмандық қозғалыс Ресей империясының қол астында ұлттық езгіні бастан кешірген халықтың, соның ішінде қазақ халқының да азаттық жолындағы күрес тарихында өзіндік із қалдырған.

Алайда ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс мəселесінің əлі күнге дейін ақиқаты айтылмай келеді. Себебі, тоталитарлық идеологияның үстемділігі тұсында тарихымыздың бүтіндей бір кезеңдері, құбылыстары, соның ішінде Ресей империясын шарпыған ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс мəселесі де əдейі бұрмаланып, «реакциялық», «кертартпа», мəнсіз оқиғалар тізбегі ретінде көрсетіліп, объективті тұрғыдан зерттеуден тыс қалды.

Қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында бүкіл Ресейді қамтыған мұсылмандық қозғалысқа қазақ зиялылары да атсалысқан болатын. Мұсылмандық қозғалыстың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алар орны, жалпы осы қозғалыстың пайда болу негіздері, мақсат-міндеттері және оған атсалушы азаматтардың сол мақсат-міндеттерді іске асыру жолындағы қызметі арнайы зерттеуді қажет етеді.

Бүкілресейлік Мұсылмандардың Бірінші Съезі, 1905 жылы 15 тамызда Төменгі Новгород қаласында өтті. Съезд 20 ғасырдың басында жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыстың өріс алған кезінде, 1905 жылы 8 ақпанда Санкт-Петербург қаласында өткен мұсылмандар мәжілісінің шешімімен шақырылды. Оған Түркістан өлкесінен, Сібір өңірінен, Қазақстаннан,Кавказдан, Қырымнан 150-ге жуық делегат қатысты. Съезде Ресей мұсылмандары өмірінің өзекті мәселелері талқыланды. Жергілікті өкімет орындарының рұқсат етпеуіне байланысты, Ресей мұсылмандарының тұңғыш съезі жасырын түрде, Ока өз-мен жолаушылар тасымалдайтын “Густав Струве” кемесінде өткізілді. И. Гаспринскийдің төрағалығымен өткізілген бұл съезде делегаттар патша өкіметінің отаршылдық саясатын, мұсылман халықтарының құқылары жылдан-жылға шектеліп келе жатқандығын сынға алды. Олар бұдан былай Ресей азаматтарының тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқықта болуын талап еткен шешім қабылдады.

...

Скачать:   txt (21.3 Kb)   pdf (160.6 Kb)   docx (21.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club