Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менопауза кезінде және жасөспірімдердерді қараудың ерекшеліктері

Автор:   •  Апрель 29, 2019  •  Реферат  •  1,989 Слов (8 Страниц)  •  782 Просмотры

Страница 1 из 8

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Факультет: жалпы медицина

 Кафедра: жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері

Студенттің өзіндік жұмысы

  Тақырыбы:  «Менопауза кезінде және жасөспірімдердерді қараудың ерекшеліктері»

 

                                                 

                                                                                                                                                                   

                                                                                            Орындаған: Оразалы Ф.Е

                                                       Тобы: 509 А                                                                                                                                                 Тексерген: Каримсакова Б.К

                                                                                                                                                                   

                                                                       

Ақтөбе  2018 ж.

Гинеколог қарауы-бұл кез келген репродуктивті жастағы және менопаузальді кезеңдегі әйел адамдардың өтуі керек міндетті процедура. Дені сау әйел де қарау кабинетінен жыл сайын профилактикалық мақсатта өтіп тұруы қажет. Ең алғашқы гинекологқа келуде қыз бала үшін де, анасы үшін де қобалжулы сәт. Сондықтан, анасы қызына гинеколог қарауы және өсу барысында қыз балада жүретін өзгерістерді айтуы қажет.  Қазіргі таңда қыз баланы гинеколог қарауы 11 жастан басталады. Ертеректе 14-15 жастан бастап болған. Алайда, гинекологиялық аурулардың жасаруына байланысты, жыныстық өмірдің ерте басталуына байланысты қарау кезеңі де жасарды.

Осы уақытта қыз балада жыныс гормондарының активті өндірілуі артып, сүт бездері өсе бастайды, дене бітімінде өзгерістер бола бастайды. 12-13 жастан бастап алғашқы етеккірі-менархе келе бастайды. Қыз бала жағдайын үнемі бақылап тұруы қажет. Дәрігер қарауы барысында қандай да бір белгілер пайда болса, комплексті зерттеу жүргізіледі. Егер гормональді өзгерістер бары анықталса, бедеуліктің алдын алып, аурудан айығуға мүмкіндік көптеу болады.  Егер қыз балада іштің төменгі жағында ауырсыну, жыныс жолдарынан қандай да бір бөліністер болса, қыз баланың жас ерекшелігіне қарамастан, гинекологқа баруы керек. Себебі, балалар гинекологы қажеттігіне қарай, жаңа туылған нәрестені және жас шамасындағы сәбилерге де қарау жүргізеді.  Мектеп жасындағы қыз балаларға медициналық қарау жыл сайын өту кеңес түрінде беріледі. Жасөспірімдік шақта қыз бала гинеколог қарауынан өтуі керек. Оған дайындық ретінде мыналар ескертіледі: 1. Егер қыз бала жыныстық қатынаста өмір сүретін болса, дәрігерге қаралуға 1 күн қалғанда жыныстық контактіде болмау керек;

2. Егер қыз балада жыныстық қатынаста болмаған болса, ішек босатуы керек, өйткені дәрігер оны тік ішек арқылы қарау жүргізеді;

3. Дәрігерге келгенге дейін жуынып, дәрет алу міндетті, алайда бүрку (спринцевание) жасауға мүлдем болмайды. Сонымен қатар, қуық босату керек.

Қарау барысы: алғашында дәрігер қыз баламен сұхбаттасып, сұрастыру жүргізеді (жыныстық қатынаста болған ба, жоқ па, не нәрсе мазалайды,т.б.)

Одан кейін гинекологиялық креслода сыртқы жыныс мүшелерін қарайды, іш пальпациясын жүргізеді, ректалды жатыр және оның қосалқыларын пальпациялап қарайды. Мазокты қыздық перденің кішкене саңылауы арқылы алады. Егер қыз бала жыныстық контактіде болған болса, айнамен қарау жүргізіледі. Сонымен қоса, қынап арқылы ішкі мүшелерді пальпациялап қарау жүргізеді.

Қандай да бір патология анықтау емес, сонымен қатар жасөспірімдерге ағарту жұмыстарын жүргізу баса міндетті болып табылады. Ашығын айтсақ, жоспардан тыс жүктілік, мерзімсіз аборт болдырмау, болашақ ана ретінде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, ретсіз, некеге дейінгі жыныстық қатынастан бас тарту, болмаған жағдайда жыныс жолымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында контрацепция жайлы ақпараттандыру, кеңес беру дәрігер-гинекологтың бірден-бір маңызды шарасы болып табылмақ.

Қыз балаларды гинекологиялық қарау жалпы және арнайы деп 2-ге бөлінеді. Жалпы қарау барысында түрлі соматикалық аурулар жыныстық аурулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескерген жөн. Сондықтан, дәрігер-педиатрмен бірлесіп қарау жүргізіледі. Маңызды: 1.Анамнез: -жанұялық, ата-анасының жұмыс орны, бастан кешкен аурулары, осы бала дүниеге келердегі кәсіптерінің зияндылығы бар-жоғы, анасының етеккір функциясы, жүктілігі, босану қызметі;                                                        -жеке: туылғандағы салмақ, бойы, жалпы жағдайы, бастан кешкен жұқпалы аурулары, созылмалы экстрагениталды аурулары, тұқымқуалаушылық ерекшелігі;                                                                        -арнайы гинекологиялық анамнезі: екіншілік жыныс белгілері қашан пайда болды, менархе келген уақыты, етеккір циклы қандай,т.б. мән беру керек.                                                                                                 1. Шағымдары: ауру басталуы, симптомдар пайда болуы, ауру сипаты, жыныс жолдарынан бөліністер,т.б.                                                              2. Жалпы қарауда науқастың жалпы жағдайына, дене салмағына, бойы, тері жамылғысы мен түктенуіне, тері асты май клетчаткасының, сүт безі дамуының деңгейіне мән беріледі.                                                         Жыныстық даму деңгейі мына формула бойынша анықталады:                         Ma * P * Ax * Me.    Ma – сүт безі; Ах – қолтық асты түктенуі ; P – қасағалық түктену ; Me – менархе жасы. Бағалау үшін 4 баллдық жүйе қолданылады.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (113.7 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club