Жамбас-сан буыны,оның құрылысы мен сипаттамасы
Автор: OshakbaiN • Сентябрь 7, 2024 • Реферат • 484 Слов (2 Страниц) • 42 Просмотры
Жамбас-сан буыны,оның құрылысы мен сипаттамасы:
Жамбас-сан буыны (artculatio coxae) барлық жағынан жақсы жетілген бұлшық еттермен жабылған. Жай буындарға жатады. Буын басы, ортан жіліктің басынан, caput ossis femoris, буын ойысы, ұршық ойысынан, fossa acetabuli тұрады. Буын бетінің сыртқы пішініне қарай үш білікті, шар тәрізді немесе жаңғақ тәрізді буынға жатады. Буындардың беттері сәйкес келгенімен, буын ойысы, буындық ерінмен, labrum acetabulare, және буын ойысының көлденең байламы, lig.transversum acetabuli арқылы толықтырылған. Буын беттері гиалинмен көмкерілген.Буын қапшықтары, capsula articularis тығыз келген дәнекер тканнан тұрады. Ол, жамбас сүйегінің буындық ерінінің сыртқы бетінен басталып, ортан жіліктің алдында ұршық аралық сызықшаның бойына барып бекісе, артында ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына жетпей барып бекиді. Буын қапшығының алдыңғы және артқы қапталы бостау орналасқан.Жамбас-сан буынының байламдары буынның сыртқы және ішкі бетінде орналасқан байламдарға бөлінеді.
Жамбас-сан буынының сыртқы бетінің байламдары:
1. Мықын-сан байламы, lig.iliofemorale.Жамбас-сан буынының алдыңғы бетінде орналасып мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанынан басталып, төмен және латералды бағытта өтеді де, ортан жіліктің ұршық аралық сызықшасына бекиді. Қызметі: жамбас-сан буынының жазылуын тежеп, тұлғаны тік ұстау. Байлам қабықтың алдыңғы бетімен өтеді. Ол денедегі ең мықты(3000 кг)күшті көтереді байлам. Ол бұлшық ет қимылын тежейді ,жазылуын, бүгілуін және сыртқы айналып кетуін.
2. Қасаға-сан байламы, lig.pubofemorale.Ол шат сүйегінің денесімен және оның жоғарғы бұтағынан басталып, төмен және артқа қарай бағытталып ортан жіліктің ұршық аралық сызықшасына бекиді. Қызметі: жамбас буынының алшақтап қозғалуын тежеу.
3. Шонданай-сан байламы, lig.ischiofemorale, ол, шонданай денесінің алдыңғы бетінен баста лып, алға қарай бағытталады да буын қапшығымен бітісе жалғасып ортан жіліктің, ұршық аралық қырқасына crista intertrochantericа, барып бекиді. Қызметі:жамбас-сан буынының
...