Бұлшықеттер
Автор: asdfgbhn • Октябрь 24, 2022 • Лекция • 1,127 Слов (5 Страниц) • 336 Просмотры
Бұлшықеттер
-Миология зерттейді.
-Бұлшықеттердің жіктелуінің принциптері:
І. Адам денесі аймактарына байланысты.
1. Тұлға бұлшыкеттері: арқа, кеуде, іш бұлшықеттері және көкет.
2. Бас бұлшықеттері.
3. Мойын бұлшықеттері.
4. Қол бұлшықеттері: иық белдеунің және қолдың еркін бөлігінің (иык, білек және қол басы) бұлшықеттері.
5. Аяк бұлшықеттері: жамбас және аяқтың еркін бөлігінің (сан, сирак жане аяк басы) булшыкеттері.
IІ. Дамуы бойынша.
1. Желбезек (висцералды) доғаларының миотомдарынан дамитын бұлшықеттер. Бассүйек жүйкелерінің тармактарымен жүйкеленеді және дамуы бойыниа краниалды бұлшыкеттерге жатады.
2. Ұрықтың тұлға бөлігінің миотомдарынан дамыған бұлшықеттер, дамуы бойынша жұлындық; олардын кейбірі жұлын жүйкелерінің алдыңғы тармактарымен жүйкеленеді - вентралды бұлшықеттер; кейбірі жұлын жүйкелерінің арткы тармактарымен жүйкеленеді - дорсалды бұлшықеттер. Сонымен катар, біріншілік бастау алған жерлерінде калған бұлшықеттер аутохтонды ; тұлғадан қол-аяқка ауыскан бұлшықеттер трункофугалды, ал қол-аяқтан тұлғаға ауыскан бұлшықеттер - трункопеталды деп аталады.
II. Пішіні бойынша.
1. Карапайым: ұршық тәрізді, тік (ұзын, қысқа және жалпақ).
2. Күрделі: көпбасты (екібасты, үшбасты, төртбасты), көпсінірлі, қосқарыншалы, нақты геометриялык пішінді (жұмыр, шаршы тәрізді, дельта тәрізді, трапеция тәрізді, ромб тәрізді т.с.с.) бұлшықеттер.
IV. Қызметі бойынша.
1. Бүккіштер жоне жазғыштар.
2. Әкелетін жоне Әкететін бұлшықеттер.
3. Айналдыратын бұлшықеттер: ротаторлар - супинаторлар және пронаторлар.
4. Сфинктерлер және дилятаторлар.
5. Синергистер және антагонистер.
V. Анатомиялық-топографиялық орналасуына байланысты.
1. Беткей және терең.
2. Сыртқы және ішкі.
3. Медиалды және латералды.
VI. Бұлшықет талшықтарының бағытына байланысты:
параллель, қиғаш, дөңгелек және көлденең бағытталған
талшықтар.
VII. Буындарға катысына байланысты.
1.Бір буынды (тек бір буынға қатысты).
2. Екі буынды.
3. Көп буынды.
Бұлшықеттер жіктелуінің қағидалары
Негізін салушы белгілер | Бұлшықеттердің сипаттамасы |
Қарынша пішіні бойынша | Ұршық тәрізді Шаршы тәрізді Үшбұрышты Таспа тәрізді Дөңгелек(жұмыр) |
Бастарының саны бойынша | Екі басты Үш басты Төрт басты |
Қарынша саны бойынша | Қосқарыншалы |
Бұлшықет шоғырларының бағыты бойынша | Бір қауырсынды Екі қауырсынды Көп қауырсынды |
Қызметі бойынша Орналасуы бойынша | Бүккіш; Жазғыш; Айналдыратын; Көтеретін; Тарылтатын(сфинктер); Әкететін (абдуктор); Әкелетін (аддуктор); Керетін; Беткей Терең; Медиалды; Латералды |
Бұлшықеттердің көмекші аппараты:
Шандыр- бұл бұлшықет қапшығын түзетін дәнекертінді қабық. Шандырлар бұлшықеттерді бір-бірінен шектеп, жиырылған кезде бұлшықет қарыншасына тірек түзіп, механикалық қызмет атқарады, бұлшықеттердің үйкелісін әлсіретеді, тамырлардың қысылып қалмауын қамтамасыз етеді.
Фиброзды және сүйекті-фиброзды өзектер- бұл кәрі жілік, білезік және сирақ аяқ басы буындары, қол және аяқ басы бунақтары аймақтарында орналасқан бұлшықеттер сіңірлеріне немесе тамырлары мен жүйкелеріне арналған орын.
Синовиальды қынап- ішінде аздаған сұйықтық болатын, висцералды және париеталды жапырақшалармен бөлінген тұйық, саңылау тәрізді қуыс.
...