Өнеркәсіптік кешендердің ландшафттарға техногендік әсер ету түрлері
Автор: Темірлан Бергенов • Октябрь 18, 2023 • Контрольная работа • 529 Слов (3 Страниц) • 117 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: Өнеркәсіптік кешендердің ландшафттарға техногендік әсер ету түрлері
1.ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР
Табиғат дегеніміз – кең мағынасында бүкіл дүниенің барлық заттық, қуаттық және ақпараттық әлемі. Адамзат табиғатты дәстүрлі түрде жанды немесе «өзін тани білетін» материя ретінде қабылдайды, яғни ол адамзат қоғамының өмір сүруінің адам тікелей немесе жанама түрде әсер ететін және өзінің шаруашылық қызметінде байланыста болатын табиғи жағдайларының жиынтығы.
«Қоршаған орта» деген ұғымға тұтас қоғамды емес, тек жекелеген адамдарды ғана қоршап тұрғандықтан, адам қолымен жасалған заттар (ғимараттар, автомобильдер және т.б.) кірмейді.
Табиғи жағдайлар – табиғаттың барлық жақтарын қамтитын өте кең ұғым, әдетте олар туралы адамға және оның қызметіне қатыссыз айтады.
Табиғи қорлар – бұрын, осы кезде және болашақта тікелей және тікелей емес тұтыну үшін заттық игіліктер жасау, еңбек қорларын қайта өндіру үшін пайдаланылатын табиғи нысандар мен құбылыстар.
Табиғи қорлар пайдаланылуы бойынша (өндірістік, денсаулық сақтау, ғылыми, эстетикалық және т.б.), ал табиғаттың қандай да бір құрамдас бөліктеріне жатуы бойынша (минералдық, жер, орман, су, энергетикалық және т.б.) жіктеледі.
Табиғи қорлар адамның әсер ету сипаты бойынша әдетте екі санатқа: сарқылатын және сарқылмайтын қорларға бөлінеді немесе жаңғырмайтын және жаңғыраты деп аталады.
2. Ландшафт
Ландшафт құрамдас бөліктерінің арасында тұрақты қатынастар мен байланыстар қалыптасқан тұтас табиғи жүйе болып табылады. Ландшафттың құрамдас бөліктеріне биологиялық, климаттық, гидрогеологиялық, геологиялық, геоморфологиялық құрамдас бөліктер болуы мүмкін
Табиғи ландшафттар мен адамзаттың құрған мәдени құрылымдарының бір-біріне әрекеті және бірге қызмет етуі, ландшафттың сыңарларына, яғни өсімдік жамылғысының құрамына және су қоймаларын тұрғызған кезде өзендердің ағынының тәртібіне өзгерістер енгізеді. Ландшафттардың құрамына жаңа техногендік, антропогендік құрылымдар кіреді және оның бөлшегі болып табылғанмен ландшафттар табиғи жүйе ретінде қалады.
Ландшафттың құрамына енгізілген жаңа сыңарлар табиғи сыңарлармен бірлесіп жұмыс атқарады, сондықтан олардың арасындағы бір-біріне әсер ету жағдайын зерттеу арқылы, ландшафттың ыңғайсыз өзгеріске түсу дәрежесін шектеуге болады. Осының нәтижесінде адамзат ландшафтты табиғи үдеріс ретінде қарастырады, өйткені адамзат сыртқы себепті шарттарының іс-әрекетін орындаушы болып табылады.
3. ТАБИҒИ ТЕХНОГЕНДІК КЕШЕНДЕР
Техногендік жүйелер – адамзаттың іс-әрекеті арқылы құрылған мәдени құрылымдар және олар қоршаған табиғи ортамен байланыста жұмыс атқарады. Бұл жүйе тұрақты түрде дами отырып, Жерге өскелең қиратқыш тұрғыда әсерін тигізеді.
...