Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның қаңқасы

Автор:   •  Март 6, 2023  •  Реферат  •  5,031 Слов (21 Страниц)  •  234 Просмотры

Страница 1 из 21

2 - дәріс

Адамның қаңқасы

1. Омыртқа жотасы

2. Көкірек қуысы

3. Тұлға сүйектерінің байланысы

4. Қол сүйеқтері

5. Аяқ сүйеқтері

6. Бас сүйеқтері

Дәріс мақсаты мен міндеті: Омыртка жотасының құрылысымен танысу, әрбір бөлігінде жатқан омырткалылардың ерекшеліктерін зерттеп, ажырата білу. Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасының сүйек аралық байланысымен танысу. Қол, аяқ, бас сүйектерінің құрылысымен танысып, сүйектерін ажырата білуге үйрету.

Дәріс мазмұны: Адам скелеті дене мүшелеріне сәйкес топтасып тұлға, бас сүйектеріне бөлінеді.

Тұлға сүйектері омыртқа жотасы мен көкірек клеткасынан құралады. Омыртқа жотасы ұзына бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Көкірек клеткасы алдынан төс сүйегімен, арт жағынан көкірек омыртқаларымен 12 жұп қабырғалардан түзілген.

Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы

Омыртқа жотасы – 33–34 омыртқалардан түзілген адам скелетінің негізгі тірегі, оның 24–і жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқааралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқылы жалғасқан. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ сүйектері жатады.

Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөлікке бөлінеді: мойын бөлігі – 7, көкірек бөлігі – 12, бел бөлігі – 5, сегізкөз – 5, құйымшақ бөлімі – 4 – 5 омыртқалардан түзілген. Сегізкөз және құйымшақ бөліктерінің омыртқалары бірігіп әрқайсысы өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін түзеді.

Жеке омыртқалар саны – 24, әрбір жеке омыртқаның алдыңғы толық келген жерін омыртқа денесі, артқы жағынан омыртқа тесігін қоршай жатқан бөлігі доғасы, ал доғасынан айнала шығыңқы жерлерін өсінділері, олардың артқа қарап жатқан тақ өсінділерін бүйір өсінділері дейді. Бұлардан басқа омыртқалар аралығын буындастырып жатқан жоғары және төменгі буын өсінділері бар. Олар да тақ болып келеді. Омыртқа тесіктері бір-бірімен бірігіп жұлын жататын омыртқа каналын түзеді.

Омыртқа доғасы мен дөңесінің қосылар жерінде төменгі және жоғарғы ойындылары болады.Бұл ойындылар омыртқалардың байланысы нәтижесінде омыртқааралық тесіктер түзеді. Бұл тесіктерден жұлын нервтері мен қан тамырлары өтеді.

Мойын омыртқалары. Мойын омыртқаларының жалпы көлемі кішкентай, арқа өсінділері қысқа, ұштары екі айырлы келеді. Көлденең өсінділерінің негізінде тесік болады. Олар арқылы омыртқа артериясы миға өтеді. Осы ерекшеліктері арқылы мойын омыртқаларын басқа омыртқалардан ажыратуға болады.

VI мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің алдыңғы жағындағы бұдырды ұйқы төмпегі дейді. Оған жанаса ұйқы артериясы миға етеді. Егер қанды тоқтату керек болса, төмпектің тұсынан тамырды басып қанды тоқтатуға болады. Мойын омыртқаларының басқа омыртқаларға қарағанда қозғалу жағдайы молырақ келеді. Жұлын тесігі кең, пішіні үш бұрышты.

Мойын омыртқалардың ішінде I және ІІ омыртқалардың құрылысы ерекше. Сол себептен I мойын омыртқаны ерекше атпен атлант, ал II мойын омыртқаны эпистрофей дейді. I мойын омыртқаның тесігі үлкен болғандықтан ауыз омыртқа деп те атайды. Ауыз омыртқаның денесі мен арқа өсіндісі болмайды. Оның орнына алдыңғы, артқы доғасы және бүйір бөліктері болады. Бұл омыртқаның денесі ұрықтың даму кезеңінде II мойын омыртқаға көшіп тіс тәрізді өсіндісін түзеді. І мойын омыртқаның II омыртқамен және шүйде сүйегімен байланысатын бірнеше буын беттері болады. Жоғары жағында кебіс тәрізді буын ойысы шүйде сүйегімен, төменгі жағындағы буын беті II мойын омыртқамен жалғасады. Ал атланттың алдыңғы доғасының іш жағындағы буын беті II мойын омыртканың тіс тәрізді өсіндісімен буынды байланыс жасайды. I мойын омыртқа бастың шүйде сүйегімен біргі II мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінен айналмалы қозғалысқа келіп отырады. Осы буынды байланыстар арқасында басты оңға-солға бұруға, алға-артқа июге болады.

...

Скачать:   txt (68.9 Kb)   pdf (175.3 Kb)   docx (27.5 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club