Өндірістік тәжірибе есебі "City" кафесі
Автор: Baknazar1710 • Май 29, 2019 • Отчет по практике • 6,308 Слов (26 Страниц) • 2,230 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ
- “Сити” кафесімен жалпы танысу 4
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 10
2.1 Күту залы жұмысымен танысу 10
2.2 Әкімгердің жұмысымен танысу 13
2.3 Менеджердің жұмысымен танысу 15
2.4 Клинент пен менеджердің жұмысымен танысу 18
2.5 Қабылдау қызметімен танысу 19
ҚОРЫТЫНДЫ. 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
КІРІСПЕ
Тәжірибенің мақсаты: бір жағынан,теориялық білімді нығайту және практикалық қолдану дағдыларын меңгеру,екінші жағынан – кәсіптік қызметте өзін-өзі өрбіту үшін кәсіби мотивацияны қалыптастыру,әртүрлі мінез-құлықты қалыптастыру сияқты адамға бағдарланған кәсіптік оқыту.
Мен өзімнің өндірістік тәжірибемді 28.05.2018-01.07.2018 жж. аралығында “Сити” кафесінде өттім.Аталмыш кафеде келген қонақтарға өз қалаулары бойынша ас-ауқат дайындап,жоғары қызмет көрсетеді.Бұл жерде тек тамақтанып қоймай және де дем алуға тамаша мүмкіндік болып табылады.Бұл жерде персанолдар қызметі және басқару бөлімі келген қонақтарға жақсы қызмет көрсетеді.Кафеде жайлылықтың жоғары деңгейі залдардың интерьерінің қазіргі архитектуралық-көркемдік шешімдерімен, техникалық жарықтанумен, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұйымдастырумен жүзеге асырылады.Практика барысында мен бұл кафе жайында көптеген ақпараттар алдым,басқару құрылымымен,кәсіпорын қызметкерлерімен таныстым.Қонақтарға телефон арқылы ақпараттар бердім,яғни қандай қызметтер ұсынылатындығын,брондау қалай жүзеге асатындығын және тапсырыс берілетін орындар бағасы жайлы айттым.Қонақтарға ұсынылатын қызмет түрлерімен,қонақтарды қарсы алу және шығарып салу тәртібімен таныстым.Интернет арқылы жұмыс істеуді үйреніп,тапсырыстар қабылдап,бірнеше брондаулар жасадым.Тәжірибе кезінде қонақтарға қызмет көрсетіп,ас мәзіріндегі тағам атауларын жаттап,қандай тағамға тапсырыс беретінін білмейтін қонақтарға мәзірдегі тамақтар туралы ақпарат бердім.Көптеген бағдарламалар арқылы тапсырыс беруді үйрендім.Кафедегі әрбір қызметкеткерлердің жұмыс тәртібі ережелерімен және қауіпсіздік ережесімен таныстым.Столды сервировкалауды,салфетканы түрлі дизайнда жасауды,столдарды қою реттілігін әрқандай пішінде жасадым.Бұл кафедегі тағамдарың бағасы қонақтарға тиімді,жайлылығы және көрсетілетін қызметтер жоғары деңгейде.Кафенің негізгі ұраны ол қонақтардың айтқаны әрқашан да дұрыс болады және қонаққа сыпайы,сапалы қызмет көрсету.Өндірістік практикам 4 бөлімнен тұрады.Олардың әрқайсысына жеке-жеке толығырақ тоқталып өтелік.
1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 “Сити ” кафесімен жалпы танысу.
“ Сити ”- 2014 жылы құрылған кафелердің бірі.Кафе Алматы қаласында Абылай хан көшесінде орналасқан.Асханасы:шығыс-еуропалық,еуропалық және қазақ асханасы.Адам басына орташа чек бағасы 2000-5000тг аралығын қамтиды.Кафе 200 орын санына лайықты жасалған.Кафенің ерекшелігі әрдайым жанды дауыста ән айтылып тұрады.Түскі астың уақыты болып қалғанда,жұмыстан кеш қайтқанда немесе жәй тамақ дайындауға ерінетін сәтте сырттан тамақтануға таптырмас орын болып табылады.Бұл жер қала тұрғындарының сүйікті мекеніне айналған.Ең алдымен кафе жайлы жалпы мағлұмат беріп кеткенді жөн көрдім.
...