Іс-тәжірибе есебі «Байқау»
Автор: yerbolatkyzy • Февраль 15, 2020 • Практическая работа • 1,663 Слов (7 Страниц) • 3,203 Просмотры
Мен Жомарт Жадыра 2019 жылдың 16.09-14.10. аралығында Қарағанды қаласы «№102 мектеп-гимназия» ҚММ-де «Байқау» іс-тәжірибесінен өттім.Іс-тәжірибенің алғашқы күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінен 10 студент «Байқау» іс-тәжірибесінен өтуге Қарағанды қаласы «№102 мектеп-гимназия» ҚММ-не бардық.Мектепте бізді оқу ісінің меңгерушісі Тусупова А.М қарсы алды және де бізді әрбір сыныпқа жетекші ретінде бөлді.Мені 1 «З» сыныбына жетекші етіп тағайындады.Сынып жетекшісі:Аскарова Р.М.
Негізгі іс-тәжірибенің мақсаты- бастауыш сынып мұғалімінің қызметін атқару.
Алғашқы күні мектеп-гимназия,орталық жетістіктері,оқушылар тізімімен таныстым.1 «З» сыныбында барлығы 23 оқушы бар.Олардың 13-і қыз бала болса, 10-ы ұл бала.Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған.Оқушылар негізінен жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқитыны айқын көрінді. Сабақ барысында өз ойларын шамаларының жеткенінше айта алады.Өз пікірлерін айтып,ойларымен бөліседі.Қазіргі уақытта оқушылар әріптерді жазып,дыбыстардың дауысты және дауыссыз дыбыс екендігін ажырата алады.Математика пәнінен бір таңбалы сандар мен екі таңбалы сандар туралы ұғымдары қалыптасқан.Сандарды қосып,азайтып,есептерді еш қиындықсыз шығара алады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты жоғары.Оқушылар алғашқы күннен ұйымшыл,бір-бірімен өте жақсы араласты.Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырды.Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап,көмек көрсетіп отырды.
Барған алғашқы күнімізден жетекшіміздің сапалы сабақ түсіндіруі, деңгейлеп сұрақтар қоюы,сабақтағы пән аралық байланыс жасауы,ата-аналармен қарым-қатынас жасауы барысында бақылау жүргіздік.1 «З» сыныбы сауат ашу пәні сабағында оқулықта берілген түрлі суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып,еркін әңгімелей білді.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерімен қатар,білім деңгейлерін де байқай алдым.Соның ішінде Ақшолақ Мұхаммед Мұстафа,Орынбасар Айсана,Қаппар Нариман ерекше көзге түсті.
Алғашқы апта бақылау аптасы болғанымен,мұғалімге көмек ретінде оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендерін тексеру барысында «Сиқырлы қапшық» атты дидактикалық ойын ойнаттым.Ойынның мақсаты-заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға,топтастыруға үйрету.
Оқушылар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп,пішінін анықтап қана қоймай,ойыншықты алған соң берілген заттардың атап,түсін айта білді.
Ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылықтары оянып,жаңа тақырыпты барынша толық түсіне білді.Сабақ соңында «Күншуақ» әдісін қолданып,рефлексия жасадым.Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді күншуақ арқылы білдірген оқушылардың білімдерін тексердім.Сонымен қатар,оқушылардың жұмыс дәптерлеріне тапсырмалар берілген карточка таратып,сабақ аяқталған соң,үйлеріне шығарып салдым.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер болғандықтан, оларға бәрін білу,үйрену қызық.Сондықтан әр сабағымды қызықты өткізуге тырыстым.Іс-тәжірибенің екінші аптасында күніне 1-2 сабақтардан өткізіп отырдым.Алғашқы сабағым математика пәнінен «8 саны және цифры» тақырыбында өтті.(Мақсаты: 1.1.1.1 санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; 1.1.1.2 бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану).Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушылар өздерінің білімге құмар екендерін көрсетті.8 санымен,оның сандық сәуледегі орнымен және құрамымен танысты.Сабақ өткізу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.Мәтінді есептерді шығару барысында оқушылар өте белсенді болды.Өзіндік пікір қалыптастырып,өз ойларын дұрыс жеткізе білді. Тақырыпты қорытындылау ретінде сабақта болған көңіл-күйді бағдаршам түстері арқылы бағалау,яғни,«Бағдаршам» әдісін қолдандым.Оқушылардың басым бөлігі жасыл түсті таңдап,өз ойларын толықтай жеткізе білді.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ барысында қолдануымнан алған нәтижем-оқушыларға ой қозғай отырып,оқушылардың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген,білгенін талдап қана қоймай,салыстырып,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға үйренді.Сонымен қатар,сауат ашу пәнінен де сабақ өткіздім.Жаңа сабақтың тақырыбы «Дыбыстар әлемі несімен ұнайды?Дыбыс».(Мақсаты: 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою;1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу;1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.) Сабақ өткізу барысында ойын технологиясын қолдандым.Себебі,ойын кезінде оқушылардың арасында ортақ байланыс түзіледі.Мысалы, «Дыбысты тап» ойының қолдану барысында әр түрлі жан-жануарлар мен құстардың дауысын қою арқылы оқушылардың тапқырлықтарын,шапшаңдықтарын байқадым.Оқушыларға видеожазбадағы қимылдарды орындату арқылы сергіту сәтін ұйымдастырдым.Сабақ оқу мақсаттарында көрсетілген мақсаттарға жетті.Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында ойын технологиясы мен сергіту сәтін қолданғаннан алған нәтижем-әртүрлі қызықты ойын түрлерін ойнату, сабақ барысында бірсарындылықтан шаршаған оқушыларға сергіту сәттерін қолдана отырып,алуан түрлі қимыл-қозғалыстар жасату арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын біршама арттырды. Бір-бірімен жарысу белгілері оқу процесін белсенді жүргізуге және сауат ашу пәніне деген қызығушылықтарының артуына ерекше септігін тигізді.
...