Өндiрiс калдыктары негiзiндегi байланыстырfыш заттар
Автор: Адлет Сапакбаев • Ноябрь 16, 2021 • Реферат • 6,699 Слов (27 Страниц) • 245 Просмотры
2. ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕГІ
БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР
Домна және фосфор қождарын залалсаздандырудың едәуір тиімді бағыттарының бірі оларды силикаттық және құрылыстық материалдар өндірісінде пайдалану болып табылады. Домна және фосфор қождары негізінде тиімділігі жоғары портландцементтік клинкерлер, портландцемент және қожды портландцемент, суды аз қажет ететін және шлаксілтілі тұтқырлар, күйдірусіз алынатын тұтқырлар, майда және ірі құрамдағы ауыр бетондар, жеңіл толтырғыштар және т.б. алынуы мүмкін.
2.1. Қожды портландцемент
Қазіргі таңда домна қождарын пайдаланатын негізгі өндірісі, ол цемент. Цемент өндірісі үшін маңызды болып түрлі-түсті металлургия қождары: домна,феррохром, никель, мыс, алюмотермиялық табылады. Олар түрлі-түсті, темір және белсенді, отқа төзімді компонент ретінде пайдаланады.
Қожды тұтқырлар келесі негізгі топтарға бөлінеді: портландцемент, шлакопортландцемент, сульфатты қожды, әк-қожды, қожсілтілі. Қожды портландцемент байланыстырғыштардың (ҚПЦ) ішінде тиімділердің бірі болып табылады. Оның себебі клинкердің көп бөлігі түйіршіктелген қожбен алмастырылады. ҚПЦ өндірісінде домна қождарын пайдаланғанда отын-энергетика шығындары 1,5-2 есе, ал өзіндік құны 25-30% төмендейді.
Құрамында 25-40% қождар бар ҚПЦ портландцемент сияқты қолданады, ал 40-80% қождары бар ҚПЦ массивті гидроқұрылымдарда, агрессивті сулардың әсеріне ұшырайтын құрылымдарда пайдаланады.
Цемент өндірісі кәдімгі, тез қататын және сульфатқа төзімді ҚПЦ өндіреді. Сульфатқа төзімді ҚПЦ өндіргенде клинкердегі С3А 8%, ал қождағы Al2O3 8% аспауы тиіс.
ҚПЦ портландцементпен салыстырғанда келесі ерекшеліктері бар: тығыздығы төмен (2,8-3г/см3); қату мерзімі және беріктіктің өсуі төмен. ҚПЦ маркалары М300, М400, М500. Сульфатқа төзімді ҚПЦ маркалары М300, М400.
Портландцементтік клинкерді, гипсті және түйіршіктелген шлакты немесе электрофосфорлық қожды біріктіре диірменге тартып алынған гидравликалық байланыстырушы МОСТ 10178-85 бойынша қождық портландцементте шлактың мөлшерінің ең азы 21% және ең көбі 80% болуы керек. Гипстің мөлшері цементтің ұстасу мезгілін реттеуге жетерліктей болу керек, әдетте, есептегенде 1 пайыздан 4 пайызға дейін болу керек.Қождық портландцементтің қатаю процесі портландцементтегіге қарағанда баяу және едәуір күрделі жүреді. Оның қатаю процесін екі кезеңге бөлуге болады. Алдымен цементтің клинкерлік бөлімі мен шлак құрамы гидратациясынан пайда болған құрамдарымен бірлі-жарым гидратталынған түйіршікті қождың арасында химиялық әрекеттесу жүреді. Бұл қатаю процесін жеңілдету үшін кейде СаСl2 , Ca(NO3)2, BaCl2 және т.б. тұз ерітінділерін қосады. Оның үстіне ыстық бумен өңдеу арқылы қатаю процесін керегінше жеделдетуге болады.
39
Қождық портландцементтің мықтылық шамасын толық пайдалану үшін оның қатаюын міндетті түрде ылғалдылық ортада ұзақтау өткізу керек. Портландцементпен салыстырғанда, бұл цемент сульфатты суға төзімді. Оның себебі, ол қатайған кезде Ca(OH)2 аздау бөлінеді де судағы тұздар ерітіндісімен әрекеттесуге Ca(OH)2 жетімсіз болады, оның үстіне бөлініп шыққан Ca(OH)2 төменгі негізді кальций гидросиликаттарын құруға түгелдей жұмсалынады.Қождық портландцемент қатайғанда жылу көп бөлініп шықпайды. Сондықтан, оны массивті ғимараттарды салуға қолдану қауіпсіз . ҚПЦ аязға төзімділігі бойынша жетерліктей жарамды. Бірақ , құрғақ климатты жерде, судың ауыспалы деңгейінде, бірде мұздап, бірде еріп және бірде суланып, бірде кеуіп тұратындай жағдйда оның шыдамдылығы /тұрақтылығы/ портландцементтегідей емес. Қатаю мезгіліндегі оның көлемдік деформациясы /отыруы және ісінуі/ портландцементтегіден аздау. Қалған басқа қасиетері бойынша портландцементтегіге ұқсас.
...