Атмосфераны ластаушы заттар
Автор: bakharamova • Февраль 8, 2020 • Реферат • 1,506 Слов (7 Страниц) • 635 Просмотры
Ластаушы заттар - бұл қоршаған ортаға тікелей немесе атмосферадағы химиялық өзгерістерден кейін және басқа заттармен, ластаушы әсерлермен бірге теріс әсер ететін заттар.
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos - ауа және sphaira- шар дегенді білдіреді. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданатын ауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақ - та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераның негізгі бөлігінің бірі ғана. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады.
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық заттарды, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. Атмосфералық ауа биосфераның, оның ішінде адамның негізгі ортасы болып табылады. Атмосфераның негізгі газдары азот, оттегі, аргон және т.б. болып табылады. Соның ішінде азот және оның қосылыстарын қарастырамын.
Азот – түссіз, иіссіз және дәмсіз, табиғатта қалыпты температураларда және қысымында жанбайтын газ ретінде кездеседі. Ауаның 78%-ке жуығын азот құрайды. Сөйте тұра, азот өте енжар (инертті) болғандықтан, өз бетінше реакцияға қатыспайды. Азот ауаға қарағанда бірнеше есе жеңіл, сондықтан оның шоғырлануы биіктікпен ұлғаяды. Қайнау нүктесіне дейін салқындау жағдайында ол түссіз сұйықтыққа айналады, ол жоғары қысым және температурада қатты түссіз кристалл зат болады. Азот сумен сұйықтықтың басым көпшігінде әлсіз ериді, электр және жылудың нашар өткізгіші болып табылады.
Азот табиғатта өте көп тараған элементтің бірі болып есептеледі. Жер бетіндегі оның негізгі түрлері — литосферадағы байланысқан және атмосферадағы молекулалық азот. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер өздігінен сіңіре алмайды. Органикалық заттар шірігенде ондағы азоттың біраз белігі аммиакқа айналады. Топырақтағы нитрлеуші бактериялардың көмегімен сол аммиак азот қышқылына дейін тотығады. Өз кезегінде топырақтағы карбонаттар СаС03 қышқылмен реакцияға түсіп, нитратқа айналады да өсімдікке сіңеді. Шіру процесі кезінде азоттың біраз бөлігі атмосфераға бос күйінде бөлініп отырады. Табиғи жағдайда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері кемімейді. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек (торф), таскөмірді жаққанда, органикалық заттар шірігенде, атмосфераға азот бөлінеді. Топырақта тіршілік ететін кейбір бактериялар да ауа жетіспейтін жағдайда нитраттардан оттекті өзіне тартып, атмосфераға бос азот бөледі. Осы процестер нәтижесінде табиғатта үздіксіз азот айналымы жүріп отырады.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Атмосфераны сарқылмайтын азот қоры деп айтуға болады. Азот айырбасқа жатпайтын биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Бірақ-та, тірі организмдер атмосферадағы азотты өзінің тіршілігіне бос күйінде емес, тек әртүрлі қосылыс түрінде ғана пайдалана алады. Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде электр өрісінің әсерінен түзілетін оксид түрінде қабылдайды. Сулы ортада немесе топырақта болатын кейбір бактериялар түрі мен көкшіл- жасыл балдырлар атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы жинақтан биогеохимиялық циклдарға қажетті түрге айналдырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге қажетті азот қосылыстары топырақтағы органикалық қалдықтардың ыдырауын да пайда болады. Табиғатты азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен тығыз байланысты.
...