Үймереттерді тұрғызу технологиясы
Автор: Maxutbekov • Апрель 13, 2021 • Курсовая работа • 2,519 Слов (11 Страниц) • 586 Просмотры
Мазмұны.
Кіріспе:
1.Монтаждалатын үйдің сипаттамасы _________________________________
2.Жұмыс көлемін есептеу ___________________________________________
3.Монтаждағыш және жүк ілгіш құрылғыларды тағайындау ______________
4.Монтаждау әдісін тағайындау ______________________________________
5.Еңбек және ақша шығынының калькуляциясы_________________________
6.Монтаждағыш кранды тағайындау __________________________________
Крандардың экономикалық тұрғыдан тиімді вариантын қабылдау________
7.Мотаждау жұмыстарының күнтізбелік жоспарын дайындау _____________
8.Тасымалдағыш көліктерді таңдау ___________________________________
9.Монтаждау жұмыстарын сипаттау __________________________________
10.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шаралары ___________________
11.Қоршаған ортаны қорғау__________________________________________
12.Қорытынды_____________________________________________________
13.Қолданылған әдебиеттер тізімі_____________________________________
Кіріспе
Ғимараттар мен үймереттерді тұрғызу бірқатар құрылыс жұмыстарынан құралады.Құрылыс жұмыстар өз кезегінде жее процесстерге жіктеледі.Құрылыс жұмыстары айқындалған технологиялық тізбекпен орындалады.
- Ғимараттың жер асты бөлігін тұрғызу
- Жер үсті бөлігін тұрғызу-әрлеу жұмыс
- территорияны безендіру
Уақыт бойынша осы жұмыстардың орындалу мерзімін қысқарту мақсатында тасқындық әдіспен жүргізіледі.Бұл машина мен механизмдерді тиімді пайдалану мен еңбек өнімділігін арттырып құрылыстың шығынын төмендетеді.Құрылыс конструкцияларын монтаждау негізгі технологиялық процесс болып табылады.Бұл обьекті тасқынның құрылымын,обьектінің жалпы құрылыс темпін,тәртібі мен тәсілдерін анықтайды.Барлық құрылыс жұмыстарының түрлерімен оның ішінде монтаждық жұмыстар бір технологиялық процесс тасқынымен байланысты ескеру қажет. СН и П 3.01.01-85 “Организация стройтельного производства” сәйкес әр құрылыс жобылық құжаттармен қамтамасыз етілуі қажет.Құжат құрамына құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі бойынша нұсқалар енгізілген.Құжат құрылыс ғылымындағы жаңа жетістіктер мен табысты тәжірибелерге енгізілуі тиісті,және механикаландыруы тиіс мен еңбек өнімділігін деңгейін бақылайды.
1.Монтаждайтын үйдің сипаттамасы
Монтаждалатын бір қабатты өндірістік үй қаңқасы әр түрлі екі бөліктен біріктірілген.Қаңқасы таза темір бетон және металл,конструкциялы бөліктер.Бөліктерді біріктіру схемасы 1-1(1.1 суретін қара).
Қаңқасы темірбетонды бөлік,бір қабатты,3 аралықты,1 блок сециядан түзетілген.Жоспардағы өлшемі 2(48 x 60)м.Аралығы 24м шеткі қатар колонналардың адымы 6 м,ал ортанғы қатар колонналардың адымы 6м.Аралықтар жүк көтерілімдігі 10тн көпірді кранмен жабдықталған.Бөліктің биіктігі 10,8м.Үйдің қаңқасының негізгі конструкциялары үйдің биіктігіне және кранның жүк көтерілімдігіне байланысты,арнайы каталогтан жинақталған.Бұл бөліктегі қолданылатын конструкциялар:негізгі колонналар,фахвернті колонна.колонналардың ұзындығы 20м.Кран асты арқалықтары,өлшемдері аралығы 6м.Қимасы қоставрлы.Жабын аралығы ұзындығы 18 м,биіктігі 1,5м. Жабын фермасы сегментті ұзындығы 18м,биіктігі 3,2 м.Жабын плитасы өлшемдері 3 х 6.Сыртқы қабырғылық панельдер аспалы керамзит бетоннан,өлшемдері 6х1,2 және 6х1,8.Қималары және қажетті фасадтары келтірілген.Қаңқасы металл конструкциялары бөлік 1 блок секциядан түзетілген.Жоспардағы өлшемі 96х30м.Бір аралықта.Аралық өлшемдері 30м.Үйдің биіктігі 10,8м.Колонналардың адымы 6м.Аралықтар жүк көтерілімдігі 10тн.Көпірді кранмен жабдықталған.Колонналар ұзындықтары 11,8м.Кран асты аралығы 6м.Жабын фермасы паралель сөрелі L=20м,биіктігі 3,15м.Үйдің төбесі фермаға астынғы қатардан және бедерлі төсеніштен түзелген.Осы мәліметтер негізінде құрыстырмалы конструкциялардың спецификациясы дайындалған.(1.1 кесте)
...