Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Элодея жапырағы жасушаларынын морфометриялық талдауы

Автор:   •  Май 2, 2019  •  Реферат  •  342 Слов (2 Страниц)  •  1,143 Просмотры

Страница 1 из 2

ЭЛОДЕЯ ЖАПЫРАҒЫ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Житкенбаева А.К.

Ғылыми жетекшісі: Дюсенбекова Б.Н., б.ғ.к.,

Қарағанды медициналық университеті

Аннотация: элодея жапырағы тақтасының жасушаларының негізгі морфометриялық параметрлерін өлшеу нәтижелері берілген.

Түйінді сөздер: элодея жапырағы, морфометриялық көрсеткіштер, мезофилл жасушасы.

Кіріспе. Элодея біржынысты, тұқымды, кең таралған су өсімдіктеріне жатады. Соңғы жылдары элодея өсімдігі негізінен ауыр металдармен және радионуклидтермен ластанудың экологиялық мониторингінде биотест ретінде кеңінен қолданылады. Бұдан басқа, элодея гидрофиттердің су биоценоздарының құрамына кіреді және әртүрлі аумақтардың флористикалық құрамын сипаттау кезінде есепке алынады [1, 2].

Мақсаты: Элодея жапырағы жасушаларының морфометриялық көрсеткіштеріне талдау жасау.

Зерттеудің материалдары мен тәсілдері: Элодея жапырағы зертеудің нысаны болып табылады. Элодея жапырақтарына морфометриялық талдау жасау бинокулярлы микмед-5 микроскопымен жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау: Элодеяның тармақталған сабақтары болғандықтан, су айдындарының түбіне бекітілуі мүмкін, бірақ өз дамуын еркін түрде қалқыған жағдайда жалғастыра отырып, оңай үзіледі немесе сынады. Элодея жапырақтары шағын, отырғыш, бір орталық жүйкемен, сызықтықты сабақтарда жалған күлтебаста 3-5 жапырақтан орналасқан. Жапырақ шеттері тікентәрізді тісшелерден тұрады, ұштары жапырақ тақтасының жоғары жағына бағытталған. Ең жас жапырақтары элодея бұтақтарының шыңында орналасқан, қабырғалары жұқа және бір-бірімен тығыз байланыста болатын жасушалардан тұрады. Жасушалар цитоплазмамен толтырылған, құрамында ірі ядро және хлоропласттары бар.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (126.4 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club