Жапырағын жайған бәйтерек
Автор: Njoi • Май 30, 2018 • Статья • 413 Слов (2 Страниц) • 947 Просмотры
Бауыржан Оспанов болу үшін табысты әрі танымал кәсіпкер болу жеткіліксіз. Сонымен қоса спортқа сүйіспеншілік пен туған жеріне деген шексіз махаббат та аздық етеді. Басты қағида – әу баста-ақ «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деген прициппен дүние есігін ашуыңыз керек.
Бұл өмірде біріміз таршылықпен сыналсақ, біріміз баршылықпен сыналады екенбіз. Бауыржан аға байлығы тасыған дәулетті отбасынан шықпаған. Ол ауылдағы қарапайым көлік жүргізушісінің отбасында тәрбиеленген, асық атып, доп қуалаған қазақтың кешегі қара домалақ баласы. Ал бүгінгі халықтың қамын жеген, кісібін дөңгелеткен, нәпақасымен бөліскен халықтың баласы.
Адамгершілікке арналған үш сауап бар екен: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап.
Бауыржан Оспанов осы үш сауапқа да белшесінен батып жүрген азамат.
Шөлге құдық қазғаны – білімге сусындаған талай қазақ баласының ЖОО білім алуына мүмкіндік жасап, білімге шөлін қандырғаны. Сонымен қоса бүгінгі спорт майталмандарына айналған, кешегі талапты жеткіншектерді бәйгеге қосып, олардың қанатты қамқоршысы болып жүргендігі деп білеміз.
Өзенге көпір салғаны – халқының қамын жасап, туған жері Жыландыдағы үйсізге үй, күйсізге күй сыйлап, ауылдың жолын жасап, жарығын тартып, жыртығын жамап, жоғын түгендеп жүргені. Адамгершілік пен ізгіліктің бастамасы болған мешіт тұрғызып, халқы пен діні арасына дәнекер болғандығы шығар.
Жолға ағаш еккені – балалар әдебиетінің дамуына қолдау білдіріп, 10 жылдан астам «Дарабоз» жобасының демеушісі болған әз ағаның - өскелең ұрпақ үшін алақаны аялы, жапырағы
...