Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экологиялық құқық

Автор:   •  Март 14, 2022  •  Реферат  •  610 Слов (3 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі.

Баяндама

Тақырыбы: Экологиялық құқық.

Орындаған:Асан Аружан Русланқызы.

Нұр-Сұлтан 2020 жыл.


Экологиялық құқық.

Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар бо¬лып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді.

1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
Қоршаған ортаның ластауы — қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардын әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайда¬лану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.
Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні:
1) қоршаған та¬биғи ортаны қорғау;
2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;
3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.

Экологиялық құқықтық қағидаттары. Қағидат – құқықтық-нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объектівті заңдылықтарын көрсетеді.
Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қор¬шаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатыңда қоршаған ортанын әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экология¬лық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтың пәні, әдістері, қағидалары, экоқұқықтың деректік көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қор¬шаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және эколо¬гиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.
Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, эко¬логиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтың экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады.

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (65.5 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club