Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зеренді өңірінің қысқаша географиялық сипаттамасы

Автор:   •  Апрель 14, 2023  •  Доклад  •  3,587 Слов (15 Страниц)  •  422 Просмотры

Страница 1 из 15

Зеренді өңірінің қысқаша географиялық сипаттамасы.

Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлігі. Астаналық облыста орналасуы, өте бай табиғи және тарихи ландшафтылық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Аудан солтүстік-батысында Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Бурабай, оңтүстігінде Сандықтау аудандары жерімен шектеседі. 1935 ж. құрылған.

1997 ж. Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жерінің аумағы 8,0 мың км². Тұрғыны 43,8 мың адам (2006). 1 км²-ге 6,1 адамнан келеді. Аудандағы 85 елді мекен 11 ауылдық, 3 кенттік әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы – Зеренді а. Аудан Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Жер бедері – аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, т.б. Кен байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі. Климаты континенттік: қысы ұзақ (қар 140 – 160 күн жатады), суық, қары аз (20 см), жазы – жылы әрі құрғақ. Ауданның оңт-нен солт-не қарай Шағалалы өз. мен оның оң саласы – Қылшықты ағып өтеді. Оңт-нен Есілдің оң салалары – Жабайы, Аршалы, Қошқарбай бастау алады. Аудан жерінде көл көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараңғыүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ахметжансор. Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Ауданның солтүстік бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларында қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман,

Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, бітік шалғындық, астық тұқымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілер кездеседі. Дала, су құстарының 200-ден аса түрі мекендейді. Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман шаруашылықтары мен олардың бөлімшелері орналасқан. Ірі елді мекендері: Айдабол, Алексеевка, Бірлестік кенттері, Зеренді, Шағалалы, Еленовка, Викторовка, Куропаткино, Симферопольское, Ақкөл ауылдары. Зеренді ауданы экономикасының басты салалары егін және мал шаруашылығы Ауыл шаруашылығын пайдаланылатын жері 642,4 мың га (2008), оның ішінде егістігі 233,7 мың га, тыңайған жері 112 мың га, шабындығы 3,1 мың га, жайылымы 278,2 мың га. Орман 85,9 мың га жерді қамтиды.Зеренді тауының батысында 20 шақырымға таяу қашықтықта жатқан Жыланды тауы, тау етегін қиялай қысы-жазы ағып жататын Шағалалы өзені де саяхатшылар үшін тапсырмас табиғи сұлу, әсем өлке. Өзен бойындағы сыздауытта доңыздар тобымен жүреді, таулы орманды бұлан, елік, марал, тағы басқа да айыртұяқты жануарлар мекен етеді. Зеренді ауданында көне тас ғасырларынан бастап орта ғасырлар кезеіне жататын қазақ тарихына қатысты тарихи археологиялық кешендер мен тарихи – топонимикалық тарихи ландшафт ескерткіштеріне өте бай.

Зеренді өңірінің тарихи очеркі

Зеренді өзінің тұмса таза табиғатымен ғана бұл жаққа сапар шегіп келетін адамдарды, тамсандырып қана қоймайды сондай – ақ бұл өңірдің терең де сырлы тарихы да қызықтырады. Жер бетіндегі табиғат ананың өзі жаратқан санаулы өллкесі өте көне замандардан адамдардың ырысты мекеніне айналған оған дәлел аудан жеріндегі неолит, қола, ерте темір дәуірлеріне жататын Айдобол, Қошқарбай, Кеңөткел, Шағалалы, Жабай тағы басқа ондаған қорымдар мен қоныс – тұрақтар, Жыландының батыс беткейіндегі Айдаһар үңгірі» ескерткіші Еуразия даласында алғаш жылқылы өркениеттің негізін қалаған «Ботай мәдениетімен тығыз байланысты болуы мүмкін деген пікір - болжамды археология профессоры В.Ф. Зайберт жасаған.

Ең бірінші осы өлкеге аяқ басқан саяхатшыларды

...

Скачать:   txt (46.9 Kb)   pdf (108.2 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club