Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану ережелері

Автор:   •  Февраль 21, 2019  •  Реферат  •  1,884 Слов (8 Страниц)  •  1,451 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ак. Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Проф. Ж.С.АҚЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ

ИНЖЕНЕРЛІК ЖЫЛУ ФИЗИКАСЫ КАФЕДРАСЫ

5В073100-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы үшін

«Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу» курсы

РЕФЕРАТ

                         Орындаған: Өмірғалы Гүлжан,    БЖДк-214

       Тексерген: Сатиева Ботагөз Серікбекқызы

         

                                       

Қарағанды-2019                        

Жоспар:

Кіріспe

1.1 Жүк көтергіштердің қауіпсіздігі

Негізгі бөлім

2.1 Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану ережелері

Қорытынды

1.1 Жүк көтергіштердің қауіпсіздігі

     

Ауыл шаруашылық және өнеркәсіп салаларында түсіру-тиеу жұмыстарын орындағанда крандар, тельферлер, көтергіштер, тиегіштер, қатарлап жинағыштар, лифтер және жүкті орындарына үздіксіз жеткізіп тұратын саймандар (транспортерлер), көтергіш-тасмалдағыш құралдар қолданылады.

Жүк көтергіш машиналармен жұмыс істеуге аттестациялық кәсіби комиссиялар мен мамандық-техникалық білім ұйымдары бекіткен бағдарлама бойынша оқытылған, 18 жастан бастап жұмысшылар жіберіледі. Жұмысқа жіберердің алдында оларға құқығы, міндеті және жұмыс істеу реті анықталған қол қойдырып нұсқау беріледі.

Нұсқауда, техника қауіпсіздік талаптарын, дабыл жүйелерін көрсетіп, машинаны басқару тәртібін, жылдамдықтар мен шектік шамаларын, келтіреді. Барлық жүк көтергіш және жүкқаумағыш құрылғылар тексеруден өтуі қажет. Бұл құралдарды жұмысқа қосу үшін, мемлекеттік техникалық бақылау ұйымдарының (бұл инспекцияда тіркелген жабдықтар үшін) рұқсатын немесе бұл ұйымдарда тіркелмейтін жабдықтарға бақылау жасайтын лауазымды адамның рұқсаты берілуі керек.

Мемлекеттік техникалық бақылау ұйымдарында тіркелген жүк көтергіш машиналар және алмалы-салмалы жүк ұстағыш жабдықтар мекемелерде және өндірісте тіркелу журналдарында дербес номермен тіркеледі.

Жүк көтергіш машиналарды жұмысқа қосу рұқсат, жаңа тіркелген машиналарды, жүк көтергіш машинаны, жаңа жерге қондыру кезінде монтаждаудан кейін машинаны қайта құру немесе күрделі жөндеуден кейін, жұмысқа қосардың алдында алады. Жүк көтергіштің техникалық тексерілуі және оның бақылау тексеруінен кейін Мемлекеттік техникалық бақылау учаскесінің инспекторы рұқсат береді. Жүк көтергіш машиналар жылына кемінде бір реттен техникалық тексерілуінен өтіу керек.

Техникалық тексерілу нәтижесі және тікелей тексерілу мерзімі жүк көтергіш машина құжатына жазылады. Машинаның құжатында, тағайындалған жауапты адамның бұйрығының номері мен мерзімі, оның аты жөні, қызметі, куәлігінің номері мен берілген мерзімі көрсетілуі тиіс.

Көтергіш-тасмалдағыш құралдарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері сақталуы керек.

Жүк көтергіш крандар жұмысшының алдында механизмдердің бақылау қозғалысы мен тежелуін тексеу керек. Кран көмегімен жүкті көтеру және түсіруі қабылданған дабылдармен жүзеге асырылады. Жұмыс бөлмелерінің үстінен жүкті тасмалдауға рұқсат берілмейді. Жүк қорғалуы керек, тербелген жүктер қармақ (ілгек) және сырық көмегімен тоқтатылады. Тасмалдау кезінде жүктің биіктігі жолда кездесетін заттардан 1м жоғары, ал уақытша құрылыстарда 2м жоғары болуы керек. Жүк ілініп қалған жағдайда оны арқанда жөндеуге тиым салынады. Іленген жүктің астында тұруға рұқсат етілмейді.

...

Скачать:   txt (27.7 Kb)   pdf (188.9 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club