Механизмдердің құрылымы
Автор: protatip • Март 29, 2018 • Лекция • 1,705 Слов (7 Страниц) • 2,547 Просмотры
Дәріс №2
Механизмдердің құрылымы
Сұрақтары:
- Бөлшектер, буындар, кинематикалық жұптар. Кинематикалық жұптардың классификациясы.
- Кинематикалық тізбектер.
- Механизмдер.
1. Барлық механизмдер бөлек бөлшектерден (деталь) тұрады. Бір материалдан жинаусыз жасалған бөлшектерді машина бөлшектері деп атайды. Мысал ретінде: болттар, гайкалар, шайбалар, тісті дөңгелек, біліктер және т.б.
Машинаның бір бөлшегін немесе бірімен-бірі біртұтас, жылжусыз қосылған бірнеше бөлшектер жиынын буын деп атайды. Бөлшектер мен буындар,біріншіден, атқаратын қызметі мен конструкциясына қарай: білік, поршень,шатун, тісті дөңгелек, бұранда және т.б. болып бөлінеді. Екіншіден, қозғалу түріне қарай бөлінеді: егер қозғалмайтын білік бойымен толық айналып қозғалатын болса,онда ол буынды кривошип деп,ал егер толық емес айналуда немесе теңселмелі қозғалыста болса,онда олар күйенте деп аталады. Механизмнің буындары қозғалмайтын және қозғалмалы болып бөлінеді.Түзу бойымен ілгерлемелі қозғалатын буындарды сырғанақ деп, ал жылжымайтын буынды тіреуіш немесе тірек деп атауға болады (1 сурет).
[pic 1]1 сурет
Салыстырмалы қозғалыс жасай алатын буындарды қозғалмалы деп аталады. Қозғалмалы буындар жетекші /кіріс/ және жетектегі /шығыс/ болады.
Қозғалыс заңы берілген механизм буындары жетекші буындар деп, ал механизмнің басқа қозғалмалы буындары жетектегі буындар деп аталады.
Өз ара салыстырмалы қозғалыста болатын, жанасқан екі буынның қосылысы кинематикалық жұп деп аталады.
Мысалы: рельс және рельс бойымен қозғалатын доңғалақ (2 сурет).
[pic 2] [pic 3][pic 4]
Кинематикалық жұптардың классификациясы
№ | Кинематикалық жұптар | қозғалыс дәрежесі | Байланыс саны | Класс | Белгіленуі |
1 | [pic 5] | 5 | 1 | 1 | Р1 |
2 | [pic 6] | 4 | 2 | 2 | Р2 |
3 | [pic 7] | 3 | 3 | 3 | Р3 |
4 | [pic 8] | 2 | 4 | 4 | Р4 |
5 | [pic 9] | 1 | 5 | 5 | Р5 |
2. Өз ара кинематикалық жұп жасап байланысқан буындар жүйесі кинематикалық тізбек құрайды. Мысалы: Іштен жану қозғалтқышындағы иінді білік қозғалмайтын подшипникпен кинематикалық жұп құрайды. Шатун иінді білікпен екінші кинематикалық жұп құрайды, поршень шатунмен үшінші, поршень цилиндр мен төртінші, ал осы кинематикалық жұптардың байланысы кинематикалық тізбекті құрайды.
Сондықтан, кез келген машинаның негізінде кинематикалық тізбек болады.
Кинематикалық тізбектер келесі түрлерге бөлінеді:
1.Қарапайым: Сурет 3, а-тұйықталған және б- тұйықталмаған
2. Күрделі : Сурет 4, в- тұйықталған және г- тұйықталмаған
[pic 10]
3-сурет
3. Бір, немесе бірнеше буындардың берілген қозғалыс заңына қарасты қалған барлық буындары бір мәңді анықталатын қозғалыс жасайтын кинематикалық тізбек механизм болып табылады.
Буындары өз ара тек қана төменгі жұп құрайтын механизм рычагты механизм болып табылады.
...