Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәмшат Дөненбаеваның тың игеруге қосқан үлесі

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Реферат  •  1,492 Слов (6 Страниц)  •  1,640 Просмотры

Страница 1 из 6

Мазмұны

  • КІРІСПЕ
  • Негізгі бөлім
  1. Халқымыздың қайраткер қызы- Кәмшат Дөненбаева

2.Кәмшат Дөненбаеваның тың игеруге қосқан үлесі

  • Марапаттары
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • Тест сұрақтары

Кіріспе

1953 жылдың аяғында игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Алғашқы екі жылында республикадағы барлығы 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылық механизаторлары еді. Халыққа өте керек  болып табылатын механизаторға материалдық ынталандыру  шаралары іске асырыла бастады. Елге танылған механизаторлар қатарында, тек ер азаматтар ғана емес, әйелдер де зор рөл атқарды. Олар үй шаруасымен шектеліп қана қоймай, астық шаруалығымен айналыса бастады. Астық жинауға өз үлесін қосқан, алғашқы әйел механизатор, өзіңіз ерен еңбегімен, қайсарлық, батырлығымен ерекше көзге түскен жан – Кәмшат Дөненбаева болды.

Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай,Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Тоғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне дейінгі бір жыл ішінде тың өлкесінде 337 астық совхозы құрылды. Олардың егіске жарамды жерлері 10 млн гектардан астам болды.

Тың игерушілерге көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс болды. Еңбек озаттары көптен шыға бастады. Сол кезде Шығыстан жарқ еткен Шоқ жұлдыз іспеттес болып, алғашқы жер жырту техникасымен жұмыс жасаған, Қазақтан шыққан ең алғашқы механизатор әйел – Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева болды.

Негізгі бөлім

Халқымыздың қайраткер қызы-

 Кәмшат Дөненбаева

Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева (1943 жылы 15 қыркүйекте Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ленин совхозы - 2017 жылы 9 қарашада Қостанайда) — ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1975). КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976). Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы.

Әкесі –Байғазы өз уақытының ойлы азаматы, заңгер болған. Осындай отбасында  тәрбиеленген саналы қыз болашақта туған елінің кәдесіне жарайты маман болуды армандады. 1957 жылы Ленин орта мектебінің алтыншы сыныбын бітірді. Кейін 1961 жылға дейін Демьянов элеваторында жұмысшы болды. 1961 жылы ол ауыл шаруашылығына жұмысқа ауысты. Кәмшатты механизмдерге байланысты жұмыстар әрдайым қызықтырды. «Каменск – Уральск» кеңшарында түрлі жұмыстарды атқарып жүргенде ол тракторшылар курсына қатысып, трактор үйренді, механизатор болды. Алғашында ол МТЗ «Беларусь» тракторында жұмыс істеді. Оқу мен еңбекте алған дағды Кәмшат Байғазықызының қазіргі заманғы техникада, атап айтқанда , дала алабы – «К-700» тракторында жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Кәмшат өзі еңбек етіп жүрген «Хорькок» кеңшарында өндірістік жоғары көрсеткіштерге жетті. 1972-1973 жж ол жоспарындағы 4000 гектар орнына 6300 гектар жер өңдеді. 1973 жылы 10 центнерден астам жанар – жағар май материалдарын жөндеуден 400 сомға жуық қаржы үнемдеді. Қазақтың Марқасқа жігіті Темірбекпен отау құрып, Спандияр Көбеев ауылы – Ақсуатқа келін болып түседі. Кәмшат Байғазықызы төрт баланың анасы, ол тек озат еңбекқор ғана емес, сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. 1973 жылы КПСС мүшелігіне қабылданады. Ол Қазақстан Компартиясы облыстық комитеті мен Боровский аудандық Комитетінің мүшесі, еңбекшілер депутаты, облыстық советтің депутаты болып сайланады. Өндірістік жоғарғы көрсеткіштерге жеткені және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін үкіметтің жоғарғы наградасы – Ленин орденімен марапатталады. Ол – коммунисттік еңбек екіпіндісі. 144 ші Рудный сайлау округінің еңбекшілері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваеы СССР Жоғары Кеңесі ұлттар депутаттығына кандидат етіп ұсынды.  

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (327.4 Kb)   docx (111.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club