Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алматы қаласының су ресурстарының экологиялық жағдайы

Автор:   •  Март 25, 2024  •  Реферат  •  708 Слов (3 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 3

УДК 539.186:537; 539.196:537

Алматы қаласының су ресурстарының экологиялық  жағдайы.

Мамирова К.Н; Бейсен Д.Қ; Аязбаева А.А; Мұсақұл Ә.А; Мұхтарова А.Қ

География кафедрасы, ҚызҰҚПУ

e-mail: darigabeisen04@gmail.com,  azbaevaajdana1@gmail.com, a.musakul@mail.ru, mukhtarova.ai.k1@mail.ru

Мақала алғаш рет жарияланып отыр

Аннотация: Зерттеу ірі қалалардағы су ресурстарын басқару мен тұрақты пайдалануды талдауға арналған.  Өсіп келе жатқан халық санының, урбанизацияның және климаттың өзгеруінен туындаған қиындықтарды шешеді және тұрақты сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды тазарту және қалалық ортадағы су экожүйесін қорғаудың тиімді стратегияларын ұсынады.  Қалалық су қажеттіліктері арасындағы теңгерімге қол жеткізуге және су жүйелерінің экологиялық тұтастығын сақтауға бағытталған су ресурстарын басқарудың инновациялық тәсілдері талданады.

Түйін сөздер: Су ресурстары, Экологиялық ластану, Экожүйе, Антропогендік әсер , Ластану индексі;

Мақала мәтіні:

Алматы  - Қазақстанның  ең ірі мегополистерінің бірі.  Соның әсерінен антропогендік әсерден қаламызыдың табиғи ортасының ластануымен қатар су ресурстарыныңда ластануы  жүріп жатыр .  Қазіргі таңда бұл  өзекті экологиялық мәселе болып отыр . Суды қорғау шараларының әлеуметтік маңызы бар, өйткені олар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге және олардың суды пайдалану қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Алматыдағы су әртүрлі көздерден, соның ішінде өзендерден, көлдерден және жер асты суларынан келеді.  Дәлірек айтар болсақ  :Алматы Облыстық (жер үсті сулары) су ресурстары 800-ден астам көл мен өзен-ағын суларды құрайды (оның ішінде 18 өзен- ағын сулардың шекаралық мәртебесі бар және бір бөлігі Республикалық маңызы бар су айдындары). Ірі көлдерден Балқаш, Алакөл көлдерінің жүйесі (Алакөл, Сасықкөл, Жаланашкөл және Қошқаркөл), Көлсай, Үлкен Алматы және тағы басқасы, Қапшағай, Бартоғай және Күрті су қоймалары жатады.Ал жер асты суларын  Балқаш пен Алакөл тұщы бассейні  қорына тиесілі.  Дегенмен, көптеген қалалардағы сияқты, суды басқару халық санының өсуіне және климаттың өзгеруіне байланысты қиындыққа тап болуда.  Сондықтан қалада суды тиімді пайдалану және тұрақты сумен қамтамасыз ету шараларының маңызы зор болып табылады. Себебі Алматы қаласындағы өзен және су қоймалары бассейндері соңғы онжылдықтардағы индустрияландыру және урбанизация процестеріне байланысты айтарлықтай антропогендік қысымға ұшырады.  Бұл жағдай осы аймақтардағы табиғи ортаның өзгерістердің дабыл қағарлықтай деңгейіне жақындауына әкелді.

Жалпы атап өтетін су ресурстарын ластаудың негізгі көздеріне өнеркәсіптік төгінділер, ауыл шаруашылығы, елді мекендердің ағынды сулары, мұнай өнімдері, атмосфералық ауаның қоспалары жатады. Ал Ірі қалаларда суды ластаудың негізгі көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды сулары, үйлер мен кәсіпорындардың коммуналдық ағынды сулары, қала қалдықтарымен араласқан жауын-шашын жатады.  Мұнай өнімдерінің көліктерден ағуы және басқа да жергілікті ластану түрлері де мүмкін.

 Су ресурстарының ластанының зерттеу нәтижелерінде, Алакөл су алабының сынамаларынан гидроморфологиялық параметрлер бойынша, физика – химиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде қауіпті ластаушы заттардың көп мөлшері анықталған . Іле өзенінің зерттеу барысында  судағы  химиялық құрамының  мөлшері бекітілген мөлшерден асып , жоғарылауы байқалған. Бұл өзен суының сапалық  құрамының төмендеуіне әкелген. Үлкен Алматы , Кіші Алматы және Есентай өзендерінің беттік суларының зерттеуге алынған көрсеткіштерінде , судың ластану индексінде табиғи және антропогендік  факторлар әсер еткенін көрсетті. Нәтижесінде  әртүрлі деңгейдегі  ластанулар  анықталып, өзендер орташа ластанған деген  қорытынды жасалған.  Осындай факторлардың алдын алу үшін келесідей шараларды қолдану тиімділігін көрсетпек:

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (125.7 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club