Өндірістік қалдықтар
Автор: seysenbaev • Октябрь 7, 2018 • Реферат • 681 Слов (3 Страниц) • 3,037 Просмотры
Өндірістік қалдықтар
Өндірістік қалдықтар-бұл қайта өңделген материалдар, әрі өз сапасын жоғалтқан шикізат пен басқа да қалдықтар. Қалдықтардың көзі кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты (металлургиялық, жеңіл, ауыр, химиялық). Олар әр түрлі өндірістерде қалыптасады, бірақ болашақта қайта өңделеді немесе қайта пайдаланылады.
Өндірістік қоқыс түрлі болуы мүмкін:
металл бұйымдары;
пластик;
күл және шлак;
былғары;
резеңкеден;
әйнек;
ағаш;
жұмыртқа;
қағаз және картон;
құрылыс материалдары;
тоқыма;
тамақ қалдықтары және т.б.
Барлық осы қоқыс санаттары қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді, егер құрамында у, сынап және басқа зиянды заттар болса, бұл қоршаған ортаға оданда қауіпті.
Қауіптілік классы.
Қоршаған ортаға зиянды әсер ету дәрежесіне сәйкес өнеркәсіптік қоқыстардың қауіптілігінің бес классы бар:
1 - сынаптың ең қауіпті қалдықтар. Бұл материалдар қоршаған ортаға өте қатты зиян келтіреді, экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.
2 - жоғары қауіптілік класы. Бұл топтағы заттардың әсері 30 жылдан кейін ғана жойылады. Оларға батареялар, майлар, бояулар, лактар, қорғасын мен қышқылдар бар элементтер жатады.
3 - орташа қауіп. Осы қалдықтардың әсерінен кейін орта 10 жыл ішінде қалпына келтіріледі. Бұл машина майлары мен қорғасындары бар заттар.
4 - іс жүзінде қауіпті емес заттар, себебі зиянды әсерлер 3 жыл ішінде жойылады. Көбінесе осы топқа құрылыс қалдықтары кіреді.
5 - Қауіпті емес қалдықтар тобы. Бұл металлдар, қағаз өнімдері, ағаш және басқа да материалдар. Барлық осы қалдықтарды қайта өңдеуге болады және олар қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
Қазақ даласында қазіргі таңда 30 млрд тонна қалдық жатыр. Оның 6,7 миллиарды - улы, 5 миллиарды - тау-кен өндірісінің үйінділері. Олардың қатары Ақтөбедегі хром, Павлодарда титан, ферум, т.б. қалдықтарымен сонау кеңес кезінен бері жыл сайын толығып, толысып келе жатыр. Қошқар-Атадағы уран қалдығы 300 миллион тоннаға, Ақмола облысындағы радиоактивті қалдық 45 миллион тоннаға жетсе, «Теңізшевройлдың» жанындағы күкірт үйіндісі де биіктеп барады, ал Екібастұз көмір кенінің ішінен пайдасыз деп шығарылған тау-төбе үйіндінің биіктігі 630 метрді, аумағы 60 шақырымды алып жатыр. Осыдан бірнеше жылдар бұрын, әлемдегі қалдықтардың бәрін әкеліп Қазақстанға көмеміз деген ұсыныс та болғаны және оған қоғамның қаншалықты қарсы тұрғаны да белгілі.
Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқа да қаллдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз ашық аспан астында жатыр.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты.
...