Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық сана құрылымы: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  565 Слов (3 Страниц)  •  697 Просмотры

Страница 1 из 3

Қоғамдық сана құрылымы: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері

Өміріміздегі ең басты зат ол – адамның санасы, рухани дүниесі, ақыл ойы. Адам туғаннан бастап, өзінің санасын жетілдіріп, өмірді бала кезден зерттеп, әр қашан ізденісте болады. Осылайша, адамда өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.

Қазіргі таңда жетіп отырған жетістігіміз бұл адамның санасының құдіреті. Адам санасыз болса, адам өмір сүрмес еді. Санасы бар адам ойланып, алдыға қадам жасайды. Осы алдыға қадам жасау арқасында адамдар дамып, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Бұл жетістікке жетіп жатқанымыз тек бір адамның арқасында емес, ал бүкіл қоғамның санасы арқасында.

Қоғамдық сана – қоғамның өзін – өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаның түйісуін нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелейді және болмыстың дамуына әсерін тигізіп отырады.

Дүниеге көзқарас және қоғамдық сана бір – бірімен өте тығыз болып келеді. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән – мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған құбылыс.

Дүниетанымның үш негізгі типтен тұрады:      

•  Мифологиялық

•  Діни

•  Философиялық

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетiнiң ең көне формасы болып табылады. Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан, қалай пайда болғанын түсiндiру. Мифтер тек ертегiлер, аңыздарда ғана кездеспейді, өйткенi миф бұл адамның қоршаған әлемдi игеруi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар болады. Мифтің негізгі ерекшелігі бұл табиғат пен адамның ғажайып түрде қарым – қатынас жасауы, әр түрлі құдайлардың болуы, өмірде болмаған заттарлың болуы.

Дiн – рухани мәдениеттiң бөлiгi, Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс табады. Діннің мифологияға ұқсастығы бар бұл әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік – этикалық мәселелерді алға қояды.

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (47.4 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club