Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылыми таным философиясы

Автор:   •  Сентябрь 20, 2021  •  Доклад  •  117,781 Слов (472 Страниц)  •  518 Просмотры

Страница 1 из 472

Г.Ж. Нұрышева, Б. М. Аташ

 

Ғылыми таным философиясы

Ғылыми таным философиясы

Оқу құралы

Алматы, 2016

УДК

ББК

А

Оқу құралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданып баспаға ұсынылды.

Пікір бергендер:

ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының аға ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы

Г.Ж. Нұрышева, Б. М. Аташ.- Ғылыми таным философиясы: оқу құралы.-Алматы, 2015.-320 б.

ISBN

Бұл оқу құралында ғылым таным философиясының тарихы: Ежелгі шығыс, Антика, Орта ғасыр, Қайта өрлеу, Жаңа заман мен ХХ ғасырдағы кезеңдері қамтылып,  теориялық мәселелер бойынша: Гносеология, Адам, Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер т.б. тақырыптар негізінде жалпы мағлұматтар ұсынылған. Оқу құралы философия мамандығы емес жоғары, арнаулы орта оқу орындары студенттеріне және осы мәселелерге қызығушы көпшілік қауымға арналады.

ISBN          

                                                        © Г.Ж. Нұрышева Аташ Б.М.

1 Тақырып. Философия пәні және ғылыми таным философиясының негізгі мәселелері

  1. Философия ғылымы: құрылымы, салалары, қызметі,
  2. Дүниеге көзқарастың  типтері және олардың танымдық бағдарлары
  3. Философиялық ойдың негізгі метафизикалық мәселесі
  4. Ғылыми таным философиясының зерттеу ауқымы

Философия ғылымының негізгі мәселелерін сараламас бұрын философияның не екендігін анықтап алуымыз қажет, өйткені бұл сауалдың өзі – философиялық мәселе. «Философия дегеніміз не?» деген сауал философия арнайы ғылым ретінде қалыптасқан сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін ғылыми дискурс аймағында талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі. Осыған байланысты философия тарихында оған әр түрлі анықтамалар мен түсініктемелер  беріліп келеді. Мәселен, көне Грек ойшылдарының пайымдаулары бойынша мынадай пікірлер берілген:  Платон – барлықты, мәңгі өмір сүретіндерді, өтпелі еместерді тану; Аристотель – заттардың қағидалары мен себептерін зерттеу; эпикурлықтар ағымында – ақыл арқылы бақытқа жетудің жолы; Жаңа заман ойшылдарының ұғымында: Ф. Бэкон мен Р. Декарт – ұғымдық формалар негізіндегі біртұтас ғылым; Христиан Вольф – барлық мүмкін болатын заттар жөніндегі, олардың қалай және неге мүмкін болып тұрғандығын зерделейді; Шопенгуаэр бойынша – әлемнің бүткіл мәнін ұғымдар арқылы қайталау, бірақ абстрактілі, бүкілжалпы және нақты формада т.б. Осындай түсіндірмелерді көптеп келтіре беруге болады. Себебі, түптеп келгенде, «Философия дегеніміз не?» деген сауалдың өзі – іргелі мәселелердің бірі. Бірақ бұндай  мағлұматтардың  көптігі оның барынша дамығандығының көрінісі болып шығады, себебі, философия ғылымының өзі көптүрлі және сан алуан пікірлердің, теориялардың, тұжырымдардың қайшылығы мен олардың келісімділігі арқылы өрістейді.

Осындай түсініктемелер мен пікірлерге сүйенген дәстүрлі деп саналатын анықтама бойынша, философия дегеніміз – бүкіл болмыстың, табиғаттың қоғамның, адамның және оның ойлауының дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтарын зерттейтін қоғамдық ғылым.  

Философия –  ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі. Ғылым болып табылатын себебі, арнайы ғылыми әдіснамалары мен әдістерінің болуы, осы ғылым тарихының арнайы қалыптасуы, теорияларын белгілі біо деңгейде дәйектеуді және дәлелдеуді қажет ететіндігі т.б. болса, қоғамдық сананың формасы ретінде қабылдануы – қоғамның әрбір мүшесінің белгілі бір деңгейде кәсіби емес түрде болса да философиялық пайымдауларды бастан өткізетіндігінен-ақ анық байқалады, тіпті философиялық ой ойламайтын, ойламаған адам болмайды. Осы орайда, философиялық ой адам санасының ажырамас қасиетіне айналады. Сондықтан ол жалпы қоғамдық көпшілік сананың деңгейінде қарапайым формада болса да үнемі қылаң беріп отырады.

...

Скачать:   txt (1.5 Mb)   docx (448.8 Kb)  
Продолжить читать еще 471 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club