Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері

Автор:   •  Апрель 4, 2022  •  Лекция  •  6,679 Слов (27 Страниц)  •  625 Просмотры

Страница 1 из 27

                              Лекция  тезистері.

   Тақырып-1.Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері. 

                  1. Әлеуметтік болжау  ғылымның бір саласы ретінде пайда болуы.

     2. Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдістері ретінде.

     3.Негізгі ұғымдарға сипаттама.

     4.Зерттеу объектісі, пәні.

     5.Әлеуметтік  жұмыстағы болжаудың атқаратын қызметі мен принциптері.

    Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы ретінде ХХ ғасырда пайда болды. Алғашқы кезеңдерде әлеуметтік болжам ғылыми және техникалық болжамнан құрылды. Тарихи ғылымда  негізделген әдістер архитектура мен машина жасау саласында қолданылды. Жобалау қоныстану мәселелерін шешуде , сонымен қатар басқару жүйелерн жүзеге асыруда кеңінен таралуда.

        Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі ол философия, социология, тарихпен, психологиямен, математикамен байланысты. Болжау аппараттары, объект, мазмұны. Әлеуметтік философиямен социологидағы әлеуметтік болжау. Дж.Бернала, Н.Винера, Г.Тейла, Ф.Полака, И.В.Бестужева-Лада, Ж.Т.Тощенко, В.И.Курбатова және т.б. еңбектерін де қарастырылған.

     Болжау-әлеуметтік таным теориясы. Ол теориялық доктриналармен, тұжырымдамалармен, жүйелермен спецификалық әрекетестікте болып, болашақты объекті ретінде қарап, оның мәселелерін теориялық, психолого-интуитивтік, тәжірибелік тұрғыдан зерттейді. Бұл ғылымның негізгі ұғымдары:прогностика, болжам,болжау, әлеуметтік болжау принциптері, әлеуметтік тәжірибедегі болжау.

      Прогностика- болашақ туралы жүйелі ойлау әдістері, тәсілдері туралы зерттеумен айналысатын білім саласы.  Прогностикалық зерттеу басқа ғылымдардың теориялық жетістіктеріне сүйенеді:философия, әеуметтану, психология, тарих,педагогика.

      Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Зерттеу объектісінің даму жолдары, нәтижесі  туралы көп вариантты гипотезасы.Болжам мақсаты- туындаған проблемаларға байланысты пайда болған сұрақтарға жауап беру.

     Болашаққа прогноз қою – бұл болжам жасаудың формасы, мақсат қоюдан, құбылысты басқарудан, дамудың тенденциясын, формасын анықтаудан тұрады.

     Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.

   Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау,  кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.

Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.

   Зертеу объектісі- тұлғаның, қоғамның өміріне байланысы  келешекке болжам жасаудың  процесі болуы.

    Зертеу пәні- тұлғаның, әлеуметтің өміріндегі түрлі өзгерістердің орын алуы, келу, қалыптасу жолдарын алдын ала болжау жолдары.

     Мысалы,болжаудың социологиялық аспектісіне жатады: отбасы келіспеушіліктерін болжамдық зерттеу мәселесі. Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы. Еңбек нарығындағы жағдайларды болжау. Өмір сүру деңгейін болжау. Зейнетақы қамтамасыздығын болжау. Экологиялық процестерді болжау. Демографиялық процестерді болжаудың технологиясы. Мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.

Әлеуметтік  жұмыстағы болжаудың атқаратын қызметі мен принциптері.

Әлеуметтік  жұмыста болжаудың атқаратын қызметі зор оны іске асыруда келесідей принциптерді басшылыққа алу керек: вариативтік принцип, стратегиялық шешімдерді қабылдауда көп критериалдық, ұйымдастыру формаларында конкурстық негізде түрлі технологияларды қолдану оның мәні келесідей:

     - болашақта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін  әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық жағдайды болжамдау;

       - тұлғаның қоғамдық даму жағдайында рөлінің өзгеруін көрсету;

       - халықтың сұраныстарының өсу динамикасын, маманықтарға сұраныстардың өсуін;

...

Скачать:   txt (96.2 Kb)   pdf (240.9 Kb)   docx (34.2 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club