Философияның пәні, мақсаты және қызметтері
Автор: Manas02 • Январь 25, 2021 • Лекция • 1,424 Слов (6 Страниц) • 1,345 Просмотры
Fil 2102 «Философия» (МК) пәні 1 курс, гуманитарлық-мамандықтар мектебі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер модулі» профессоры, филос.ғ.д. Д. Ө. Құсайынов
2020-2021 оқу жылы, 2 -ші семестр
№1-2 Дәріс
№ 1-2 тақырып. Кіріспе. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері
Мақсаты:Философия пәнін анықтау, философиялық білімнің ерекшелігін, философияның мәдениеттегі орнын көрсету. Философияны зерттеу дүниетанымдық және әдіснамалық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, тұлғаның рухани мәдениетінің барлық жақтары мен элементтеріне тұрақтылық береді.
Жоспар:
1.Философия даналыққа құштарлық ретінде.
2.Көзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты.
3.Мифологиялық және діни көзқарас.
Дәрістің мазмұны:
Философия - адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Ол әрқашан дәстүрлі және уақытына сай келеді. Жеке адам мен қоғам үшін аса қажетті әмбебаптық білімді, дүние мен адам болмысын терең түсінуді жинақтайды. Ол адамға тән объективтік білім қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, оның танымдық белсенділігін адамның дүниедегі болмысы, мәндік мазмұнымен негіздеп отырады. Адам өмірінің мәңгілік сұрақтарын, өмірдің мақсаты мен мәні, өмірге келуінің себебі т.б. проблемарын шешуге тырысып, философия теориялық танымның ең практикалық түріне айналады.
Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты игеруге, табиғат пен қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жеткізеді.
Дүниеге көзқарас термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде кездеседі (Кант, Фихте, Гете), адамға тән, оның тәртібін іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді.
Оны анықтаудың ең жақын әдісі білім мен түсінуді байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі оның орнына қатысты көзқарас. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, өнегелік, саяси, экономикалық және т.б. көзқарастарға бөлінеді.
Дүниеге көзқарас білімдердің, тіпті өте жалпы болса да, жәй қосындысы емес. Ол субъективтік қабылдаудың бағыттаушы және ұйымдастырушы құрылымы ретінде көрінеді, сезімдік және ойлаудағы көптүрлілікті мақсаттылықпен таңдауға әкеледі. Ол біздің санамыз бен ойлануымыздың дүниені өзімізге ашатын "көзі" ретіндегі құбылыс, тек дүниеге көзқарас ғана әр адамның ерекше көруін, түсінуін, пікірін т.б. ажыратады. Ол біздің саналы өмірімізді жекешелендіреді, "Мен" - ді туғызады. Осыған орай әртүрлі адамның, әрекеттің, өзіндік дүниеге көзқарастың мәні бар.
Субъективтік болмыстың формасы ретінде дүниеге көзқарас дүниені рухани практикалық игеру функциясын атқарады. "Рухани-өнегелік" үғымы рухани сезім деп аталатын негізге сүйенетін адамның дүниеге субъективті сезімдік қатынасының ерекше сипатын білдіреді. Ол адам мен жануарда кездесетін қарапайым эмоционалдық қабылдаудан айрықша, оған әділет, шындық, сұлулық, жақсылық, бақыт т.б. сезімдер кіреді. Рухани практикалық қатынас идеалдық, яғни ол дүние туралы білім мен оны қажетті, керекті болмыс ретінде қабылдауды біріктіретін идеалдарға негізделеді, бұл жәй берілген болмыс емес.
Әлеуметтік-субъективтік өзіндік сана ретіндегі көзқарастың ерекшелігі сенім жүйесі сипатында көрінеді. Сенім дегеніміз жеке адамның субъективтік-кісілік бағыты берілетін объективтік шындықты бейнелеудің түрі. Ол өзін негіздеуде энергия, табандылық, жігерлікпен сипатталады. Сенім білім ретінде ақиқатпен тең келмейді, ақиқат жалпы мағыналы білім ретінде субъективтік еркінділікпен сиыспайды. Яғни сенім керісінше, ақиқат білімнің жетіспеуінен туды. Дүниеге көзқарастың білімнің толық болмауы сеніммен толықтырылады, бұл көзқарастық сананы тұтастық дәрежеге көтеру үшін қажет. Өзіңнің шындығына нанбасаң, оны бекітетін еріксіз көзқарас болмайды. Ерекше рухани құрылым ретіндегі наным адам өмірінің бір негізі.
...