Философияның негізгі тараулары
Автор: Балауса Асылхан • Декабрь 17, 2021 • Эссе • 561 Слов (3 Страниц) • 534 Просмотры
Философия дегеніміз бұл – қоғам, табиғат және адам санасының жалпы даму заңдары туралы ғылым, қоғамдық сананың бір түрі, философиялық пәндер жүйесі, көзқарастық теорияның негізі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім болып табылады . Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.
Философияның негізгі тараулары :
Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) – болмыс туралы ілім;
Гносеология (гр. Gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім;
Эпистемология (гр. Episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім;
Әлеуметтік философия – қоғам туралы ілім;
Философия пәндері :
Эстетика, логика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (биологияның, математиканың, астрономияның, физиканың, т.б. философиялық мәселелері).
Антропология философиясы – адам болмысы;
Мәдениет философиясы – мәдениет әлемі;
Тарих философиясы;
Құқық философиясы – мемлекеттік заңдар әлемі;
Дін философиясы;
Онтология дегеніміз – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні табиғатын айкындаумен айналысатын философияның бөлімі.
Жалпылық негізін, оның құрылымы, болмыс принциптері мен заңдылықтарын қарастырады.
Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары – Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы болып табылады . Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық ерекшелігі, мысалы Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.
Онтология терминін алғаш 1613 жылы енгізген неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше, адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат
...