Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмірдің мәні неде?

Автор:   •  Октябрь 16, 2021  •  Эссе  •  335 Слов (2 Страниц)  •  6,980 Просмотры

Страница 1 из 2

Қожабаева А.А

АтИ-102 тобы студенті

aruzankozabaeva2@gmail.com

СӨЖ № 1

Өмірдің мәні неде?

Эссе

          Өмірдің мәнін әркім әртүрлі түсінеді. Өмірге келген әр адам соңғы демі таусылғанша өмірінің мәнін іздеумен болады. Кез келген адамды осы сұрақ мазалары анық. Біз әдетте кез келген нәрсенің мән-мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе көзге көрініп тұрғандықтан оның мәні анық көрініп тұрады. Алайда адамның көзіне көрінбейтін,уақыт ағысымен көз алдымыздан өтіп бара жатқан өмір деген ұғымның мәнін анық, дөп түсіп айту мүмкін емес. Сонда өмірдің мәні неде? Бұл сұрақ аясында ғылымда не дейді?

            Бұл сұраққа ежелгі грек философы Аристотель «айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету» деп тұжырым жасаған. Бұл тұжырымды өзімше қарастыратын болсам айналаңа көмек көрсетіп, қол ұшын созар болсаң жаның рахат табады. Адамдардың ризашылығынан ләззат алу арқылы өзің де жан жылуын тауып, нағыз бақытты сезінгендей боласың. Дегенмен бұл өмірдің нағыз мәні деп айту аса ауыр. Себебі бұл сұрақтың аясы кең, жер бетіндегі күллі жұртты ойландырған бұл сұрақ тек көмек көрсетумен шектеліп қалмайды деп ойлаймын. Бұл фәниге келген адамның барлығының миссиясы  бір ғана. Ол-өмір сүру. Өмірге келудің өзі бір бақыт. Демек сол бақытты бағалап, шектен шықпай өмір сүру. Өмірден өз орныңды алу. Абай атамыз айтқандай: Сен де -бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!  Және осы сұрақ турасында дінде не айтылған?

             Барлығымыз бұл өмірге бір Алланың қалауымен келдік. Және тағдырымызға жазылған уақытта кетеріміз хақ. Жаратылғанның бәрінің миссиясы бір. Ол- Алла тағаланың ризашылығы. Ризашылықтың басты міндеті- құлшылық. Өкінішке орай қазіргі таңда көп адам өмірінің мәнін жоғалтқандай күй кешіп жүр. Бұл олардың тура жолда емес екенін көрсетеді.  Алланың хақ жолынан адаспай өмір сүрген адам ғана өмірінің мәнін ұғынбақ деп тұжырымдаймын.

            Сөзімнің соңын Рудакидің сөзімен аяқтағым келіп отыр: Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Адам өмірі қолында бар жалғыз құндылығы,бақыты. Алланың берген ақ жолынан таймасаңыз нағыз өміріңіздің мәнін сонда ғана таппақсыз.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (41.7 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club