Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмірдің мәні

Автор:   •  Октябрь 9, 2020  •  Эссе  •  488 Слов (2 Страниц)  •  1,285 Просмотры

Страница 1 из 2

Өмірдің мәні

   Қазіргі қоғамда осы өмір шындығы әртүрлі оқиғаларға толы мекен деп қарастырылуда. Мүмкін кейбіреуі өмірдің мән-мағынасына әлі де жете қоймаған шығар. Недегенмен, сүріп жатқан ортамыз әрі мекеніміз осы өмір болғандықтан, санасы бар әрбір жаратылыс иесі өмірдің мәнін, мағынасын және маңызын түсінуге тырысуы керек. Өмір деген - тірі ағзалардың тыныс алуы арқылы әрі әртүрлі физикалық және химиялық қозғалыстардың орындалатын негізгі ортасы болып табылады. Бұл жерде әрбір жаратылыс иесі өз түсінігінше тіршілік ету үстінде. Өмір бұл жаны бар әр затқа белгілі бір уақытпен, мекенмен шектелген, сонымен қатар қуанышы мен қайғысы, қилы кезеңі мен бақытты сәттері қатар жүретін ұзын жол. Бұл жол кейбіреуі үшін ұзын, кейбіреуі үшін қысқа болып та жатады. Маңыздысы жолдың ұзақ болуы емес, оның мәнді болуында, ендеше өмірдің мәні неде және оны не істесек мәнді ете аламыз?

   Луций Анней деген кісі «Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді» деп өзінің қанатты да мазмұнды сөзін қалдырып кетіпті. Ал біз өмірді ұзақтығы бойынша өлшеудеміз бе әлде мазмұны жағынан ба? Жалпы адам баласы өмірге келе сала, шыр етіп жылайды, сол кіндік қаны тамған жеріне қызмет етіп, отан алдындағы адал борышын өтеуге тырысады. Алайда өмірдің мәні отанға қызмет ету немесе тағысын тағы жұмыстармен шектелмейді деп білемін, себебі бұлардан да жоғары бір мақсат бар деп сезеді ішкі сезімдерім. Ол не десеңіз, Адамның негізгі міндеті күнелту не тіршілік ету емес, өмір сүру. Өмір сүру ұғымы саналы бір жаратылыстан күтілетін іс-әрекет. Санасыз жаратылыс иесі өмір сүрмейді, тіршілік етеді. Сіз бен бізді жануарлар әлемінен тек санамыз, ақыл ойымыз ғана айырып тұр. Егер бізге берілген бұл санамызды қолданбай өмірде тіршілік етсек, санасыз жаратылыстан не парқымыз қалады? Жол соңында егер артқа қарағанда, көңілге майдай жағатын бірден бір іс атқарылмаса, бір ағаш егіп оның саясында бір демалмаса, ізгі ұрпақ өсіріп халыққа пайдамыз жарамаса, ерік-жігерімізді шыңдап жүректі қайраттамаса, іс-әрекетті адами болмысқа сай қылып түрлі түсті бояумен түрлендірмесе, ата-анаға қызмет етіп ризашылықтарына ие болмаса, бұлақ көрсең көзін аш деп бұлақтай ағатын жастардың көкірек көзінің ашуылуына себепкер болмаса өмір ұзақтығынан не пайда?.. Егер өмір уақытпен шектеліп, өліммен тоқтатылмағанда көп құндылықтар орнығып адами келбетпен өмір сүру дағдысы қалыптаспас еді.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (39.1 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club