Философия тарихы. Қытай философиясы
Автор: Araika1101 • Ноябрь 2, 2020 • Практическая работа • 1,072 Слов (5 Страниц) • 456 Просмотры
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Физика-техникалық факультет
МӨЖ
Тақырыбы: Философия тарихы. Қытай философиясы
Мамандығы: Жылу Энергетикасы
Орындаған: Ібайдулла Т.А.
Алматы
2020
Философия тарихы
Дүниетаным – құбылыстар арасындағы күрделі байланысты бағдарлай білу. Адамзат үшін де, қоғам алдында да, дүниеге көзқарас қажетті негіз болып табылады, философия өз бастауын осы ұғымнан алады.
Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз: мифологиялық, діни және философиялық (өмірлік, практикалық).
Мифология гректің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифология дүниеге деген эмоциональды-бейнелік және фантастикалық қатынасқа негізделген ежелгі көзқарас. Мифтің негізгі проблемасы: ∙ табиғат құбылыстары туралы түсінік, ∙ қоғам және адам тағдыры, өлімі және іс-әрекеті, ∙ әлемнің, адамның жаратылысы жөніндегі алғашқы фантас-тикалық түсініктер.
Діни дүниетаным. Дін (латын сөзінен religio – тақуалық, пәктік мағынасын береді) – мифология негізінде дүниеге келген, тек илануды талап ететін жоғары күшке сенуге негізделген дүниеге көзқарастың түрі. Оның қарастыратын мәселелері: ∙ о дүние проблемалары - тамұқ пен жұмақ, ∙ Жоғары Күш Жаратушыға сенім арту мәселелері, ∙ мәңгілік, күнә, шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б.
Философиялық дүниетаным. Философия дүниеге көзқарастың жоғары формасы. Философиялық дүниеге көзқарас жүйелік-теоретикалық көзқарас ретінде анықталады. Ежелгі дәуірден күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу, оның негізгі ұстаным-дарын қалыптастыру – философияның кәсіби ісі. Философияның негізгі проблемасы дүниетанымдық сұрақтар болғанмен, философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде, бірақ та ол өзінің ерекшеліктерін сақтап қалды. Философиялық көзқараста ақыл-ойдың рөлі жоғары: философия – бірінші кезекте логика мен дәлелдеуге сүйенеді. Діннен философияның айырмашылығы еркін ойлауға мүмкіндік берілуінде. «Философия» термині – phileo – «сүйемін», sophia – «даналық» деген сөзінен тұрады, сөзбе-сөз «даналықты сүю» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі дәуірде даналық – бұл асқақтық мәні бар құбылыс болған.
Тұңғыш рет «философия» терминін ежелгі грек математигі әрі ойшылы Пифагор ендірген. Философия адамзаттың рухани табысы, адам тәжірибесінің алуан түрлілігі туралы ой толғайды, немесе адамзатты көбірек толғандыратын мәселелерді рационалдық, методологиялық және жүйелі түрде қарастырады деуге де болады.
Философияда екі бағыт қалыптасты: материализм және идеализм. Материализм бағытын ұстанушылар материя санадан бұрын қалыптасқан деп қарастырады. Материалистерге: Демокрит, Гераклит, Эпикур, стойктер, Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Дж. Локк, Д. Дидро, К. Гельвеций, К. Маркс, Ф. Энгельс, Л. Фейербах, В.И. Ленин, Г. Плеханов т.б. жатады. Идеализм бағытының өкілдері сананы бірінші кезекке, материяны екінші кезекке қояды. Идеализм объективтік және субьективтік болып бөлінеді. Обьективтік идеалистер – әлемді билеуші – идея, әлемдік сана деген. Ол күшке идеяны жатқызып, оны жаратушы күш құдірет – деп түсінген. Оның өкілдеріне: Сократ, Платон, Аристотель, Дж. Беркли, Д. Юм, Г. Лейбниц, И. Кант, Г. Гегель, Ф. Шеллинг, Э. Мах, Р. Авенариус және неотомистер кіреді. Бұл бағыт сана мен материя, болмыс пен рухани дүние, идея арақатынасын шешуден туындайды.
Қытай философиясы
Әлемдік деңгейдегі қазіргі таңдағы ұлы державаның бірі Қытай философиясы даналыққа толы маржан философияға бай. Ежелгі қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылша-руашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Мемлекет басшысы – әрі монах, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократиялар мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда – рубасылары, отбасылары тұрды. Ал, құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан, әлеуметтік сатыда жоғары тұрғындардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ, мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды.
...