Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде
Автор: bekttur • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 740 Слов (3 Страниц) • 1,421 Просмотры
Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде
Философия – ақыл-ой мәдениеті
Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері – туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Категориялар – бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар.
Сыни ойлау
Қоғам дамуының әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады.
Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:
- Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;
- Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
- Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау.
Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлері
Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлерін А.Алимовтың еңбегінде төмендегідей деңгейлерге бөліп қарастырған екен:
Бастапқы деңгей:
− өз көзқарасы мен ұстанымын жан-жақты тұрғыдан қалыптастыра алмайды,
− өз ұстанымын толық дәлелдей алмайды, оның артықшылықтарын толық көрсетпейді,
− жан-жақты салыстырмайды,
− ұтымды мысалдар келтірмейді,
− себеп-салдарын дәлелді түрде келтіре алмайды,
− талдау мен синтездеуді толық жасамайды,
− жан-жақты баға бере алмайды.
Орта деңгей:
− ойлау қадамдарын ретімен қолданады,
− өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастырғанымен оларды ұтымды түрде дәлелдей алмайды,
− өз ұстанымдарын өзгелермен салыстырады, оның артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады,
− өзіне айтылған сынды сабырмен қабылдай алмайды,
− өзге ұстанымдарды жан-жақты талдамайды, олардың олқылықтарын ажырата алмайды,
− өзге ұстанымдарды өз мақсатында пайдалана алмайды,
− өз ұстанымын икемді түрде өзгерте алмайды.
Жоғары деңгей:
− негізгі ойлау қадамдарын ретімен, логикалы түрде және тереңінен қолданады,
− өз көзқарасы мен ұстанымдарын ұтымды түрде дәлелдей алады,
− өзіне өзі нақты баға бере алады,
− өзге пікірлерді бағалай біледі,
− ұсыныстар мен гипотезалар жасай біледі,
− айтылған сынға байыппен қарайды: өз ұстанымдарын икемді түрде өзгерте алады,
...