Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойлау мәдениетінің қалыптасуы. Философияның пәні мен әдістері

Автор:   •  Февраль 2, 2021  •  Контрольная работа  •  738 Слов (3 Страниц)  •  517 Просмотры

Страница 1 из 3

№ 2 тақырып. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы. Философияның пәні мен әдістері

  1. Философияның бөлімдерінің медицина саласында қолданылуына нақты мысалдар келтіріңіздер:
  • Онтология – болмыс туралы ілім: ауру болмысы, науқас болмысы, емдік іс-шаралар болмысы, емдік заттар болмысы, медицина қызметкерлерінің болмысы туралы не айта аласыз?

Ауру болмысы:Жалпы ауру дегеніміз бұл қоршаған орта әсерлерінен қорғанып-бейімделу мүмкіншілектерінің шектелуі.Дерт белгілі фактор әсерінен белгілі бір тінді,жасушаны ,органды,организмді зақымдайды.Осыған орай аурудың белгілері,симптомдары байқалады.Яғни аурудың негізгі болмысы осы.

Науқас болмысы:Науқас бұл белгілі аурумен ауыратын адам.дәрігердің көмегіне мұқтаж адам.Науқастың негізігі болмысы бұл әртүрлі факторларға бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі,еңбекке қабілеттілігің төмендеуі,қызығушылықтарын жоғалуы.

Емдік іс-шаралар болмысы:Емдік іс-шара бұл белгілі бір ауруға оң әсерін тигізетін жұмыс.

Емдік заттар:Емдік заттарға дәрілік заттар,құрылғылар,әртүрлі аспаптар жатады .Яғни осы заттар көмегімен зақымдалған мүшенің асқынуын басып,әртүрлі аурулардың алдын ала аламыз.

Медицина қызметкерінің болмысы:Медицина қызметкері бұл жоғары кәсіби білімі бар маман.Дәрігер маманның азаматтық болмысы басқа мамандықтардан ерекшеленеді.Дәрігер -өз ісінің шебері, адамгершілігі бар,жауапкершілігі мол ,адамдармен тіл табыса алатын,батыл,ауруды емдей алатын және оның алдын ала алатын,пациентпен тіл табыса алатын маман. Дәрігерлік қызметі күрделі ,көпқырлы,динамикалық құбылыс.

  • Гносеология – таным туралы ілім. Дәрігер үшін қандай таным түрлері маңызды деп ойлайсыз және ол қандай кезеңдерден өтеді.

Дәрігер бұл ізденімпаз,білімді жіне осы қасиеттерін практика жүзінде қолданатын маман .Яғни осының барлығы таныммен байланысты .Таным бұл бірнәрсені білу және оны білуге деген ұмтылыс. Дәрігер танымы әртүрлі кезеңдерден өтеді және ол ғылыми таным деңгейінде.Ғылыми таным бұл-жүйелі таным.Ол адамнан арнайы дайындықты,ізденісті ,тынымсыз еңбекті қажет етеді.Алдымен дәрігер өзі емдейтін объект жайлы  жан-жақты объективті білім жинақтап,сол білімін емдеу барысында сол білімін қолдануы керек.Ғылыми таным да осыны қажет етеді.Яғни дәрігер алған білімін тәжірибе жүзінде бақылап,саралап,салыстырып,өлшеу арқылы өз жұмысын орындайды.Бақылау бұл ғылыми зерттеудің басты міндеті:

 -Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты беруге тиіс.

-Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.

-Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.

     Қорыта келгенде дәрігер осы міндеттерді пайдалана отырып,білім алып,ғылыми зерттеулер арқылы өзінің таным деңгейін арттырады

           -Логика – дәрігер логикасы қандай болуы тиіс деп ойлайсыз?

 Логикалық ойлау медициналық қызметтің негізі болып табылады. Академик П. к. Анохин: "Логика кез-келген маманға қажет, ол математик, дәрігер, биолог болсын. Логика-бұл қажетсіз, қажетсіз есте сақтаудан босататын, адамға қажет нәрсені табуға көмектесетін қажетті құрал. Логикасыз бұл соқыр жұмыс " . Профессор С. П. Федоров: "дәрігер сенетін немесе жоққа шығарғаннан гөрі әлдеқайда құнды; дәрігер логикалық ойлауды дамытуы керек, өйткені мұндай дәрігер басқаларға қарағанда науқастарға көп пайда әкеледі, білімді, жүздеген реакциялар және қан мен зәрдің құрамдас бөліктерінің барлық пайыздық қатынастары болуы мүмкін. Ойшыл дәрігер көп ұзамай жалған жолға түсіп, тіпті одан кетіп қалады" . Л. П. Боголепов былай деп жазды:" медицинада дұрыс ойлауды білу әсіресе қажет... дәрігерлер логикаға деген скептицизмін еске түсіріп, ұялатын уақыт емес сияқты.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (70.7 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club