Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экспо көрмесі тұрақты дамудың биік үлгісі

Автор:   •  Март 12, 2018  •  Реферат  •  4,522 Слов (19 Страниц)  •  5,347 Просмотры

Страница 1 из 19

               « Қазақ  Ұлттық  Аграрлық  Университеті »

               коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамы

        « Технология  және  биоресурстар »  факультеті

Тақырыбы: Экспо көрмесі тұрақты дамудың биік үлгісі

   

          Орындаған:Құралбек Аружан

                                               Тексерген : Омарова Г

                                      Алматы 2017

                                      Жоспары:

         Кіріспе

         Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрме.

         Негізгі бөлім

         2.1 Экспо көрмесі арқылы Қазақ елінің даму болашағы.

         2.2 Қазақстандағы Экспо-2017 көрмесінің маңызы.

         2.3 Экспо көрмесі жаһандық ауқымдағы оқиға.

         Қорытынды

         Пайдаланылған әдебиеттер

Экспо көрмесі тұрақты дамудың биік үлгісі

    «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге   елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ә. Назарбаев

        Экспо-2017 көрмесі жалпы Қазақ елі үшін емес бүкіл әлемге маңызды әрі ауқымды шара. 2012 жылы жасырын дауыс беру арқылы 103 мемлекет Астана қаласына  дауыс беріп, бельгиялық бәсекелесіміз Льеж қаласыннан басып озған болатынбыз. Әрине бір жағынан мақтаныш,  әрі зор жауапкершілік. Енді мінекей төрт жыл көзді ашып жұмғанша өте шығыпты. Төрт жылдың нәтижесі ретінде ең бастысы жоспарланған дүние орындалды. Әлем көз тіккен бұл көрме көпшіліктің көңілінен шығуда. Тіпті көрменің бітуіне де аз уақыт қалды. Осы аралықта не нәрсені көре алдық және болашақта қалай болмақ? Мен көрген Экспо болашақтың бейнеленуі. Ұлттық павильонымыз  сегіз қабаттан құралған  «Нұр әлем» деп аталады. Мұнда не көрдім және ойға не түйдім? Ең бірінші мұнда еліміздің негізгі құндылықтарын, салт-дәстүрімізді барынша айқын бейнелеген. Сондай-ақ өзімізге тән қасиеттер, өю-өрнектер, домбыра, қобыз үндерін тыңдай аласыз. Ең негізгісі Астана 2050 жылы қалай болу керек? Болашақ жаратылыстану бағыты қарқынды дамымақ. Яғни физика, химия саласы. Сондай-ақ  жасыл энергия. Күннен энергия алу арқылы көптеген істерді жүзеге асыру. Қоқыс – қалдықтарды қайта пайдалану арқылы  өнімді өндіру.Шыны керек әлемнің дамып кеткені соншалық, өзімді көп нәрседен қалып қойғандай сезіндім. Ғалымдардың жеткен жетістіктері мен болашақта іске асырылатын өнертуындылары көрсетілген. Барлығында үш тілде ақпарат берілген. Бұл біздің ұлттық павильонымыз. Сондай-ақ басқада павильондар болашақ энергия көздерін және өздеріне тиесілі құндылықтарын көрсетіп, таныстырды. Маған ұнағаны Германия, Тайланд, Африка, Түркия. Барлығы да өзіндік ерекшелікпен әсем, жоғары деңгейде. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін көрмені тамашалады деп айтсақ болады. Ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Мың рет естігеннен , бір рет көрген артық дегендей бұл тарихи сәттіде көру бақыты бұйырды. Әрине, бұл менің ойым, жеке пікірім. 2013 жылы ЭКСПО өтеді деген шешім шыққалы Қазақстан әлемдік аренада өз орнын ілгерілетуді бас жоспар етіп қойды. Миллиардтаған қаражатты халықтың әл-ауқатын көтеруге арнау керек екендігі түсінікті болса да,  қазақ елі жасыл энергияны пайдалануды жетілдіру үшін осындай қадамға барды. Көрмені теледидар мен радио, интернеттен тамашалау бір басқа болса, шын өмірде дәл сол  атышулы жобаның басы-қасында болудың мәні зор, әрі ерекше. Жобаның жас стендист-қызметкері ретінде бүгін сіздерге осы елеулі жобадағы жастардың орны жайлы зерделемекпін.

  Көрменің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы», яғни энергия көзін табиғи ресурстардан ала отырып, оны тиімді пайдалану. Ал шараның біздің еліміз үшін басты мақсаты — Қазақстанның экономикасының дамуын әлемге таныту, үздік жобаларды көрсету. ЭКСПО-ны тамашалаушы мыңдаған туристер мен қонақтар жоба арқылы еліміздің даму деңгейін сараптайтын болады. Осы себептен де ғимараттың қызметкерлері бүгінгі таңда еліміздің ең бірінші айнасы. Мұнда тек өз елімізден ғана емес, алыс-жақын Ресей, Италия сынды елдерден де мыңнан астам ұйымдастырушылар мен құрылыстышылар, т.б қызметкерлер бар. Қалашыққа кірген кездегі қонақтардың ең бірінші жолығатын адамдары — еріктілер. Таңғы сағат тоғыздан түнгі онға дейін ауа-райының құбылуына қарамастан адамдар алдында шынайы күліп, мейірімді жүзбен қарсы алып, шығарып салатын 1500 ерікті қызметкерлер бар. Мұндағы жастардың жазғы демалыс уақыттарын осы жобаға арнап жатқандықтарын кей адамдар түсінсе, кейбіреулері бос уақыт өткізумен теңестіреді. Заманның бүгінгі жедел үдерісі студенттердің демалыс кезінде де өз болашақтарының фундаментін қалауын талап етеді. Жастардың  ЭСКПО-ны таныстырудағы үлесі қаншалықты зор болса, еліміздің ғылымының дамуын көрсетуде де біртөбе үлесі бар. Үздік ғылыми тәжірибелер павильонында Қазақстанда жасалған екі жобаның бірі -Назарбаев Университеті студенттерінің туындысы. Жобаның форматы ойын түрінде жасалынған. Қазақстанның экологиялық және экономикалық көрсеткіштерін пайдалана отырып, жасыл энергетиканы қолдайтын елдің болашағын анықтауы тиіс. Ең үздік 3 ойыншыға арнайы сыйлық тағайындалған.

...

Скачать:   txt (58 Kb)   pdf (598.7 Kb)   docx (406.6 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club