Эмоционалды тұрақтылықты дамытудың 5 тиімді әдісі
Автор: Zarema14 • Сентябрь 16, 2021 • Доклад • 517 Слов (3 Страниц) • 473 Просмотры
Эмоционалды тұрақтылықты дамытудың 5 тиімді әдісі
Психологиялық зақымдарға адамдар қалай төтеп береді? Кейбірі стресске ұшырап жатқанда, басқалары қалайша өміршеңдікті танытады? Америкалық психиатрлар Стивен Саутвик пен Деннис Чарни 20 жыл бойы әр түрлі өмір қиындықтарынан өткен адамдарға зерттеу жүргізу арқылы өз қорытындыларын бізге ұсынды.
Өмір ақ және қара жолдардан тұрады. Бірде қуанышты, бірде қайғылы сәттерге толы. Осындай ауыр кезеңдерде терең ойға түсіп, өмірге деген құштарлығыңды жоғалтып алмас үшін эмоционалды тұрақтылықты сақтаудың маңызы зор.
Оптимист болыңыз
Саутвик және Чарни өз зерттеулерін қорытындылаған кезде, ең алдымен адам оптимист болу керек екендігін айтты. Дәлірек айтқанда, мәселеге тура қарап, оның болып қойғандығын және өзгермейтіндігін түсіну қажет. Шынында мықты адамдар ешнәрсеге қарамастан тек алға жылжу керектігін біледі.
Тек Саутвик пен Чарни емес, американдық журналист Лоуренс Гонсалес те бұл ерекшелікті айтып өткен. Ол экстремалды жағдайларда тірі қалғандардың психологиясымен танысу барысында оптимисттік көзқарастарды байқап, оның маңызды екенін бекіткен болатын.
Қорқынышпен көзбе-көз кездесіңіз
Өз қорқынышыңды жеңудің жалғыз жолы – онымен көзбе-көз кесдесу. Бізге үрей әкелетін нәрселерден қашсақ, одан сайын қорқатын боламыз. Ал қорқынышпен бетпе-бет кездесу арқылы оны жеңу оңайға түседі. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, қорқынышымен кездесіп оны баса алған адамның ми қыртысының белсенділігі артады, ал қорқыныш реакциясы тежеледі.
Моральдық компасыңызды орнатыңыз
Саутвик пен Чарни эмоционалды тұрақты адамдарда дұрыс пен бұрысты сезіну өте дамыған екенін анықтады. Өмірге қауіп төндіретін жағдайда да, олар әрқашан өздері туралы емес, басқалар туралы ойлайды.
“Сұқбат барысында біз көптеген мықты адамдар дұрыс пен бұрысты сезінетінін түсіндік, бұл оларды қатты күйзеліс кезеңінде және күйзелістен кейін өмірге оралған кезде күшейтті. Риясыздық, басқаларға қамқорлық жасау, өзіңіз үшін жауап күтпестен көмек көрсету — бұл қасиеттер көбінесе мұндай адамдардағы құндылықтар жүйесінің өзегі болып табылады.”
«Несгибаемые: наука противостояния жизненным испытаниям» кітабынан
Әлеуметтік қолдау көрсете және қабылдай біліңіз
Сізге әрқашан достарыңыз бен жақындарыңыз көмектесетініне сеніңіз. Өз уайымыңызбен бөліскіңіз келсе ешқашан ойыңызды іште сақтап қалмаңыз. Адмирал Роберт Шамакер Вьетнамда тұтқында болған кезде оны басқа тұтқындардан оқшаулады. Сол кезде жанындағы камералардың қабырғасын тоқылдату арқылы басқа тұтқындармен байланыста болды. Мүмкін күлкілі естілетін болар, алайда соның арқасында олар сондай қиын кезеңде жалғыз емес екендерін сезінді.
...