Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл-Фараби еңбектеріне шолу

Автор:   •  Сентябрь 20, 2020  •  Эссе  •  439 Слов (2 Страниц)  •  628 Просмотры

Страница 1 из 2

Əл-Фараби тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен мəдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым. Оны толық растайтын мына деректер:

  • 941–942 жж. ғалым «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегін Бағдадта бастап, 942–943 жж. Шамда аяқтайды.
  • Фараби трактаттарының əрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида теория мен əдіс. Солардың бірі 948 ж. Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады.
  • ХV–ХVІ ғғ. еңбектері Еуропада басылып шыға бастайды. Əл-Фараби еңбектері алғаш рет еврей тіліне аударылды.
  • 1869 ж. Ресейде «Əл-Фараби, оның өмірі мен шығармалары» атты кітапты М. Штейншнейдер жарыққа шығарды.
  • 1895 ж. Ф. Дитерици «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегін басып шығарды.
  • 1927 ж. Хайдарабадта «Азаматтық саясат» атты еңбегі жарыққа шығады.
  • Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ), осы оқу орнының 80 жылдық мерейтойына байланысты, Фараби мұрасын зерттеу қызу қарқын алды. 2013 ж. 23 желтоқсанында университетте «Al-Farabi universitety smart city» ғылыми-инновациялық жобасы жол тартты. Ол əл- Фараби бабамыздың ізгілік қаласы туралы іліміне негізделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатындағы басты шаралардың бірі — əл-Фараби мұрасын қалың көпшілікке жеткізуге бағытталған оқу құралын қазақ жəне орыс тілінде дайындау.
  • 2014 ж. ҚазҰУ-дегі Əлем халықтары əдебиеті институты жəне «Əл-Фараби» орталығы бірлесе отырып, Əбу Насыр əл-Фарабидің «Қайырымды қала» мен «Музыка туралы кітап» атты еңбектерінің екі томын, «Ақыл кітабын» («The Book of Mind» орыс жəне ағылшын тілдерінде) жəне «əл-Фараби туралы кітап» жинағын жарыққа шығарды.
  • 2014 ж. мемлекет Басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Халық — тарих толқынында» бағдарламасы аясында тарихшыларымыз Испания музейінен əл-Фарабидің бұзау терісіне жазылған 10 трактатын, Ғұндардың көсемі — Еділ қағанның бейнесін жəне сайын даламыздан шыққан ғалымдардың араб тіліндегі қолжазбаларын тапты. Еуропада сақталып келген бұл аса құнды жəдігерлердің көшірмелері мен СД-дискіге түсірілген нұсқасы елге жеткізілді.
  • Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры белгілі ғалым Əбсаттар қажы Дербісəлі сонау Еуропа төрінен ұлтымызға тəн тарихи құжаттардың табылғанына байланысты хабарды жеткізе отырып: «Əбу Насыр əл-Фарабидің 150 беттен тұратын он трактаты ішіндегі керекті сөздердің асты қызыл сиямен сызылыпты. Мұны бабамыздың өзі сызды ма, мүмкін, кейіннен біреу белгіледі ме, білмеймін, зерттеу керек»  — деген ұсыныс жасады.

Әл-Фарабидің еңбегі

Қай салаға жатады

Не жайлы жазылған

«Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат»

Философия

Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарты жайлы

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат»

Философия

адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.

«Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында»

философия

Адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасады

«Музыканың ұлы кітабы»

Музыка

нотаны алғаш дүниеге əкелген

«Вакуум »

вакуум (бостық) жоқ екенін дәлелдеді

«Дін туралы кітап жəне өзге де мəтіндер»

Діни

ғалымның діндар адам болғандығын нақтылай түседі

«Ғылымдар энциклопедиясы»

ең атақты шығармаларының бірі

«Əбу Насыр əл-Фарабидің ұлы дұғасы»

Діни

ғалым дүниетанымының мəн-мағынасын аша түседі

«Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері»

əлеуметтік-этикалық

ғалым қарапайым ұғымдар арқылы адамның бойындағы кез келген мінез-құлықтардың, əдеттер інің қалыптасатынын логикалық жүйелілікпен баяндап, дəлелдеп берген.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (73.4 Kb)   docx (216.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club