Қазақстанда зейнетақы жүйесін өзгерту тиімді ме?
Автор: amina2012-93 • Декабрь 23, 2018 • Реферат • 2,963 Слов (12 Страниц) • 731 Просмотры
Жобаның тақырыбы:
Қазақстанда зейнетақы жүйесін өзгерту тиімді ме?
Орындаған: Оралбекова Әйгерім
Мазмұны
1. Кіріспе
1.1 Жобаның өзектілігі
2. Жоба мақсаты
2.1 Зерттеу мақсаттары мен міндеттері
3.Негізгі бөлімі
3.1 Жалпы реформа туралы
3.2 Зейнетақы жүйесіндегі жаңа реформаны енгізу себебі
3.3 Жаңғыртудың оң әсері
3.4 Жаңғыртудың кері әсері
3.5 Сауалнама нәтижесі
4. Ұсыныс
4.1 Қорытынды
1.Кіріспе
Зейнетақы жүйесінің дұрыс құрылуы әрбір мемлекет үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелердің бірі. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқылы.[1]Денсаулығына байланысты ауырған,мүгедек болған жағдайда көмек ретінде де ұсынылады. «Қазақстаның Халық банкі» БАҚ корпорацияларымен жұмыс бойынша Департаментінің бас маманы, экономика ғылымдарының кандидаты Қ.М.Түлепбаевтың пікірі бойынша, зейнетақымен қамсыздандыру – бұл өзін егде жаста немесе мүгедектікке ұшырау, асыраушысынан айырылу сияқты жағдайларда материалды және табиғи жағынан қамтамасыз етілу мақсатында, азаматтардың өз табысының бөлігін жинақтауға арналған құқықтық немесе әлеуметтік-экономикалық институт.[4]Зейнетақымен қамсыздандырылу объектісі ретінде – мемлекеттің барлық азаматтары, ал субъект ретінде – зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыратын және басқаратын құрылымдар (ұйымдар, мекемелер) алынады.Қазақстан экономикалық тұрақсыз кезеңді бастан кешіп жатқанда,зейнетақымен қамтамасыз ету моделін таңдауды жүзеге асырды. Халықаралық институттармен ақылдаса құрылған қазақстандық модель Чили тәжірбиесіне негізделген. Алайда сипат бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды.1997 жылдың 20 маусымда “Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң қабылданды.[8]
Мемлекеттің ұдайы қатысуы, жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл аударуы скандинавиялық Швеция, Норвегия және Дания елдеріндегі модельге ұқсайды. Германия,Франция және Италия елдерімен сәйкестігі сақтандырудың болуы сонымен қатар тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі консервативтік-корпоративтік модельге сәйкес келеді. Либералды болуы АҚШ, Канада,Ұлыбритания елдерімен ұқсас болатын болса, әлеуметтік саясаттың экономикалық өсуге тәуелді болуы Шығыс Азия моделінің 80 жж.-ға дейінгі Жапония, Оңтүстік Корея үлгісінде жүзеге асырылады. Үкіметтің осындай жүйелер түрін ұтымды үйлестіре білуі,елдің зейнетақы қорын шет ел модельдерінен ерекшелендіреді.[1]
Жаңа реформаның ұзақ мерзімді мақсаты зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын толығымен қамтамасыз ету. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы өз күшіне енді.[4] Зейнетақымен қамсыздандыру екі жүйеден тұрады:ортақ жүйе және жинақтаушы жүйе. Ортақ жүйеде зейнетақымен қамтамасыз етуге мемлекеттік орталық басқармасы міндетті. Бұл жүйе республикалық қаржы қорына түскен әлеуметтік салықпен басқа да төлемдерге негізделген.
1.1 Өзектілігі
Қазіргі индустриалды даму және жаһандану заманында мемлекет жетілу үшін зейнетақы жүйесіне өзгертулер енгізу өте маңызды болып табылады. Зейнетақымен қамсыздандыру- әлем бойынша азаматтарға жақсы тұрмыс деңгейін ұсынатын әлеуметтік қорғау жүйесінің бір түрі. Біздің еліміз әрі қарай даму үшін халықаралық тәжірбиелерге негізделген зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа реформаларын енгізіп жатыр.Өз кезегінде Еуродақтың Германия,Эстония және Латвия сияқты елдерінде әйелдердің зейнет жасын ұзарту қарастырылып отыр. “Зейнетке шығу жасын теңестіргеннен Қазақстанның ұтары қайсы,ұтылар тұсы не?” деген сауалдар да жиі көтеріліп келеді. Зейнетақы жүйесіне енгізілер өзгерістердің ел экономикасына,әлеуметтік жағдайына сондай-ақ ,халықтың денсаулығына әсерін анықтап,ел болашағын болжау маңызды ,болып табылады.
...