Сұлулық стандарттарының өмірге әсері
Автор: Ayazhan051346 • Март 14, 2023 • Доклад • 770 Слов (4 Страниц) • 265 Просмотры
Кіріспе бөлім
Сұлулық - бұл жағымды эмоция тудыратын қандай да бір объектінің немесе субъектінің сипаттамасы. Сұлулық пен үйлесімділік қазіргі мәдениеттің сұранысқа ие ұғымдары және ізгілік пен ақиқатпен қатар жүретін ең басты адами құндылық болып табылады. [1] Сұлулықтың мәні - сұлулықты қабылдауға жауап ретінде адам бойындағы эстетикалық сезімнің пайда болуында. Бұл субъективті тәжірибе, бірақ оның екі құрамдас бөлігі бар: әлеуметтік және жеке. Бір адам үшін сұлулық - сән мен стильдің үйлесімділігі және сыртқы бейне болса, екінші адам үшін ол - жан тазалығы, ізгі ниет, сүйкімділік, адалдық, мейірімділік сияқты тағы да басқа адами қасиеттер. Қазіргі әлемде сұлулықтың мүлдем шындыққа жанаспайтын стандарттарын көрсететін түрлі жарнамалық науқандар мен теле-жүргізушілерді көруге болады. Мақсаты: Тұрақталған стандарттардың тән мен санаға әсерін анықтау. Өзектілігі: Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның елес, жалған көрінісі болып табылатын дүниені көрсетеді. Жарнама бізге шындыққа жанаспайтын бейнелер береді. Біз тек иллюзияны көреміз, ал шын бейнені толық көрмегендіктен түсініспеушіліктер орын алады. Біз бұл эсседе:
• Сұлулық стандарты дегеніміз не?
• Әр дәуір сайын стандарттар қалай өзгерді?
• Қандай стандарттар тұрақталған?
• Стандарттар күнделікті өмірге қандай әсерін тигізеді? -
деген сұрақтардың жауабын табамыз.
Негізгі бөлім
Стандарт дегеніміз - белгілі бір кейіптегі жалпыға ортақ үлгіні, эталонды немесе модельді ұсынатын ұғым. Стандарттардың бірнеше түрі бар, оның бірі - сұлулық стандарттары.
Гипотеза: Сұлулық пен үйлесімділіктің сыртқы стандарттарына ұмтылу адамзаттың әдемі жартысы үшін өзекті, өйткені бұл әйел табиғатына тән. Түрлі әдістер табиғи сұлулықты атап өтуге және даралығын ашып көрсетуге көмектеседі немесе заманауи сұлулық стандарттарына еліктеп, физикалық және психологиялық жағдайды нашарлатады.
Сұлулық стандарттарын қалай түсінеміз? Бұл сұраққа әр дәуірдің адамдары әр түрлі анықтама берер еді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 500-300 жылдары Ежелгі Грекияда идеал әйел кейпі ірі денелі және ақшыл терілі болған. Бұл кезеңде грекиялықтар ер адам бейнесіне қатты табынған. Сондықтан әйел денесін - “пішіні бұзылған ер адамның денесі” деп атаған.
Біздің дәуіріміздің 206-220 жылдары Хань әулеті билік етуі кезінде Қытай мәдениетінде ұзын қара шашты, ақ тісті және қызыл ерінді әдемі әрі сүйкімді әйелдерді ұнататын.
1837-1901 жылдардағы викториандық Англияда сән үлгісі болған құм сағатының пішіне қол жеткізу үшін белді тығыз іш киіммен (корсетпен) қысқан болатын. Бұл сол кездегі ең беделді тұлғалардың бірі саналған Виктория патшайымның тұсында жалғасқан сән эталоны болды.
1930-1950 жылдары Голливудтың алтын шағында сұлулық эталоны ретінде әйгілі актриса Мэрилин Монро саналды. Бұл үлгі бойынша стандарт - құмсағат тәрізді дене пішіні болды.
1980 жылдардағы “Супер-модельдер” эрасында әйелдерде спортқа деген құмарлық пайда болды. Әртүрлі жаттығулар туралы жарнамалық бейнежазбалар әйелдерді арық әрі сымбатты дене мүсініне қол жеткізу үшін спортпен айналысуға және артық тамақтан бас тартып, диеталарды
...