Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар
Автор: I.olzh • Январь 31, 2021 • Творческая работа • 269 Слов (2 Страниц) • 431 Просмотры
СӨЖ №1.Тақырыбы: Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар
Адам- жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.
Азаматтық қоғам- саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Ауыл- қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қолөнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.
Әлеуметтік арақашықтық- әралуан топтардың, таптардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік құбылыс- әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылатынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік орта- адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Бақылау- әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға , процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.
Билік- қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әртүрлі топтардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.
Бюрократия- қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Девиация- көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Дезинтеграция- жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
...