Карым-катынас психологиясы және тулfа
Автор: daulettabyldiev • Ноябрь 13, 2022 • Лекция • 1,181 Слов (5 Страниц) • 523 Просмотры
9-МОДУЛЬ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒА
9-ДӘРІС. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!
Біздің дәрістің тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясының теориялық-практикалық негіздері.
Дәрістің жоспары:
1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым;
2.Қарым-қатынас ақпарат алмасу әрекеті ретінде;
3. Қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні.
Дәрістің мақсаты:Қарым-қатынас әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты ретінде білімдерді қалыптастыру.
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН: Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесіндегі теорияларын білім алушының кәсіптік біліміндеқалыптастыру;
2-ОН: Қарым-қатынасты біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс ретінде түсіндіру;
3-ОН: Бірлескен іс-әрекетте адамның басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауындағы психотехнологияларды қолдану;
4-ОН: Қарым-қатынастың мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтау үшін психологиялық әдістерін қолдану;
5-ОН: Қарым-қатынасты адамдардың тіршілік әрекетінің рухани және материалды формаларының маңызды қажеттілігі болып саналатын әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде психологиялық ұсыныстарды құрастыру.
І. Құрметті оқырман, қарым-қатынас адамзат үшін маңызды үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі–адами қарым-қатынастың тұлғааралық және топаралык формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
«Қандай да бір келеңсіз оқиғаның болу ықтималдығы болса, онда ол міндетті түрде болады» деген Мерфи заңы бар. Адам өмірінде қарым-қатынас үнемі біртекті бола бермейді. Қоршаған ортадағы адамдардың көңіл-күйі әсер ете, Сіз өзіңізді және өзгені бағалау, достық және махаббат, құрмет және сүйіспеншілік арқылы көзқарас қалыптасады.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының зандылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы. Қарым-қатынас – тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым-қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И.А.Зимняяның айтуынша қарым-қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе.
Қазіргі кезде қарым-қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында кеңінен қарастырылған. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi: адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.
Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым-қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
-комуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
-интерактивті (өзара әрекеттесу);
-перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).
Қарым-қатынастың пән саласының құрылымы қарым-қатынас терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
-бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
-хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
-өзара түсіністікке ықпал ететін әрекет.
...