Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарым-катынас психологиясы

Автор:   •  Декабрь 10, 2021  •  Реферат  •  1,469 Слов (6 Страниц)  •  360 Просмотры

Страница 1 из 6

ПСИХОЛОГИЯ

СӨЖ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ

Алматы

2021

Топ дегеніміз не?

   Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады.

 Ал,топтық динамика саласының сарапшысы Марвин Шоудың айтуынша (1981), барлық топтардың ортақ белгісі – олардың мүшелерінің өзара әрекеттесуі. Сондықтан ол топты екі немесе одан да көп өзара әрекеттесетін және өзара ықпалдасатын индивидтерден құралған қауымдастық деп түсіндіреді. Шынында да, бірге жүгіретін екі серіктес топ құрайды. Түрлі топтар түрлі адами қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді – бірігу (топта болу және қосылу), жету және әлеуметтік сәйкестікке ие болу.

  Ұжымдық ықпалға қатысты үш мысал: әлеуметтік фасилитация, әлеуметтік жалқаулық және деиндивидуализация. Осы үш феномен өзара аз әрекеттескеннің өзінде (біз «минималды топтық ситуация» деп атайтын жағдайларда) байқалуы мүмкін және олар адамдардың мінез-құлқына өзара тығыз әрекеттесу кезінде де айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге біз топтық өзара әрекеттесу кезіндегі әлеуметтік ықпалдың үш үлгісін қарастырамыз: топтық поляризация, топтық ойлау және азшылықтың ықпалы.

 Сонымен топ дегеніміз екі немесе одан көп адамдар өзара бірнеше минуттан артық әрекеттесіп, бір-біріне белгілі бір деңгейде ықпал етсе әрі өздерін «біз» ретінде қабылдаса, олар топ болып саналады.

ӘЛЕУМЕТТІК ФАСИЛИТАЦИЯ: АЙНАЛАМЫЗДА АДАМДАРДЫҢ БОЛУЫ БІЗГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

    Бір ғасыр бұрын велосипед жарысына қатты қызығатын психолог Норман Триплет (1898) жарысушылардың секунд өлшеуішпен есептегенде емес, бір-бірімен жарысқанда үздік көрсеткіш көрсететінін байқады. Өз ойын (басқалардың болуы жеке адамдарды белсендірек әрекет етуге ынталандыратынын) бүкіл әлемге жария етпес бұрын, Триплет әлеуметтік психология бойынша ең алғаш зертханалық эксперимент өткізді. Қармақтың бауын барынша жылдам орау тапсырылған балалар тәжірибе барысында жалғыз болған кезіне қарағанда, қасында «әрекеттесі107» болған кезде тезірек қозғалған. «Басқа қатысушының жанында болуы… жасырын энергияның босап шығуына мәжбүрлейді», – деп түйіндеді Триплет.

  Жанында басқа адамдардың болуы кей кезде жұмыстың тиімділігін арттырып, басқа кезде түсіріп жіберетінін айту – күн райын болжау кезінде, бәлкім, күн шуақты, алайда жаңбырлы да болуы мүмкін екенін жариялау секілді.

  Әлеуметтік фасилитация – жақсы игерілген дағдыларға сүйене отырып, жоғары өнімділікке жол ашатын үй атмосферасы – үй артықшылығының айқын себебі. Сіз басқа ықтимал факторларды атай аласыз ба? Марк Аллен мен Марк Джонс (2014) төмендегідей себептерді де қағыс қалдырмайды:

• Төрешілік бұрмалау: Германияның 1530 футбол матчының бірінде төрешілер үй командаларына, орта есеппен 1,80 «сары карточка» таратса, қонақ командалардың ойыншыларына 2,35 «сары карточкадан» үлестірген (Unkelbach & Memmert, 2010).

• Сапар шегудің ауырлығы: шығыс жағажайға ұшып барсаңыз, Ұлттық футбол лигасындағы батыс жағажайының футбол командалары күндізгі 13:00-ге қарағанда, түнгі уақытта жақсырақ ойнайды.

• Жергілікті жағдаймен «танысу»: оған аймағына байланысты, ауа райының суықтығы, жаңбыр немесе жоғары биіктік жатуы мүмкін. Тіпті шулаған жанкүйерлер болмағанның өзінде(қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында), италиялық футбол командалары өз стадиондарында жақсырақ ойнайды (van de Ven, 2011).

• Көрермендердің у-шуы ойыншы қонақтардың ойында немесе айып добын салу кезіндегі есту қабілетіне қарай бағдарлануын бұзуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (21.2 Kb)   pdf (102.7 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club