Ғылыми-мақала О.Бөкей “Қар қызы” повесіндегі романтизм мен реализмнің астасуы
Автор: Шәрбат ҚТӘ-311 • Декабрь 18, 2022 • Статья • 2,151 Слов (9 Страниц) • 296 Просмотры
15 аптаның практикалық тапсырмасына сай келген соң салдым. Өзімнің осы тақырыпта жазған мақалам!!!
[pic 1]
«І.Жaнcүгіров атындағы Жетіcу университеті» КЕАҚ
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасы
«68011700 Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс
ҚТӘ 411 топ білімгері
Шәрбат
Ғылыми-мақала
О.Бөкей “Қар қызы” повесіндегі
романтизм мен реализмнің астасуы
Талдықорған қ., 2022ж.
Мақаланың мақсаты: Романтизм мен реализм бір-біріне қарама-қарсы әдеби бейнелеу тәсілдер емес,кез-келген көркем шығармада олар ажырамас бірлікте болуы мүмкін. Осы ұстанымды алға тарта отырып, жазушың көптеген туындыларында өмір шындығы турасында обьективті жақтарын саралап,өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау еткендігін, жазушы шығармаларының қосжелілігін, оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-біріне қарама-қарсы қойылмай, астасып келгенін дәлелдеу.
Мақаланың міндеттері: Романтизм мен реализмнің аражігін ажырату;
О.Бөкей шығармашылығынан реализм мен романтизмнің астасуын, біріншісінен екіншісіне бет бұруын, алғашқы туындыларымен зерделеп, саралау.
Зерттеу әдістері: Баяндама жұмысым 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде әртүрлі пікірлерді топтастырып, мәліметтер жинақтадым.
Екінші кезеңде повестен реалистік тұрғы мен романтикалық сипат ашылған тұстарды анықтап алдым.
Үшінші кезеңде жазушы шеберлігі мен болмысын кейіпкер тұрғысынан тани отырып, Қар қызын бейнесін жасаудағы мақсаты – жақсылық, адалдық ұғымын оқырман санасына сіңіру екендігіне көз жеткіздім.
Мақала барысында күтілетін нәтиже: Кез-келген жазушыға қойылатын негізгі талаптардың бірден-бірі болып – шығарманы, туындыны белгілі бір идеяға бағындыра білу болып табылады. Ал Оралхан Бөкей өзінің шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманға қандайда бір әсер, ой қалдыра алған дарынды жазушыларымыздың бірі екендігін повесті талдау арқылы ашып көрсету.
Тақырыптың өзектілігі: Автор «Қар қызы» повесінде шым-шытырық сюжеттерді көркемдік тәсілдердің өзара сабақтастығын, шығармада суреттелген өмір мен өлім күресін шынайы өмірдің көлеңкесі тұрғысынан баяндаған.
Мақала жаңалығы: Қазақтың жанын, сезімін, өмірлік толғанысын сездіру үшін терең философияға оранған О.Бөкейдің реалистік шыншылдық пен романтикалық асқақтыққа толы прозасын оқырманға түсіндіру;
О.Бөкей шығармаларында өзіндік философиялық толғаныстарын реализмінен романизмін бөліп алып жеке – жеке қарастыру емес, екеуін үнемі бірлікте алып, бірге зерделеп шығармаларынан мысал келтіріп баяндамалар жинағын шығару;
Аннотация
Бұл мақалада қазақтың белгілі заңғар жазушысы Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесіндегі романтизм мен реализмді өмір шындығы турасында обьективті жақтарын саралап,өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау еткендігін, жазушы шығармаларының қосжелілігін, оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-біріне қарама-қарсы қойылмай, астасып келгеніндігіне шолу жасалады.Алайда, О. Бөкейдің реализмнен романтизмге бет бұрғандығы ғылыми жағынан бұл зерттеу жұмыстарында толық қамтыла алған жоқ. Осыған қарамастан, повестегі екі жанрдың астасуы ғылыми мақалада әр қырынан қарастырылды. Бұл мақала осындай еңбектерді жинақтап, О. Бөкей шығармашылығын тани түсуге бір қадам жасауға септігін тигізуге тырысады.
...