Дәрігердің мәртебесі мен құндылығы
Автор: Diko008 • Апрель 9, 2024 • Доклад • 495 Слов (2 Страниц) • 118 Просмотры
1 кейс бойынша эссе
«Ешбір білікті және тамаша дәрігер аурудың бүкіл ағымын және онымен бірге жүретін жағдайлардың барлық бұралуларын білмейінше, оны емдеуге кіріспейді» деп Н.В Гоголь айтпақшы кез-келген дәрігерге жүгінген науқастың шағымдарын дұрыс жинау, жинақы талдау жүргізу, қажетті сынақтамалардан өткізіп, нәтижесінде дұрыс ем тағайындау медицина ғылымдарында маңызды болып саналады.
PBL сабақтарында берілген Тимур Мурзалиннің жағдайына талдау жасайық. Науқастың өмір тарихы, оқиғаның болған тарихы және оқиғадан кейінгі жағдайы жайлы барлық ақпараттарға жүгіне отырып, келесі мәселелерді маңыздылыққа алып, шешімін таптық:
1. «Науқас пен дәрігер арасындағы коммуникациялық дағдының дұрыстығы – емнің жарты бөлігі». Тек науқас өзінің не сезетінін және осы жайдайдың қандай себептерге байланысты дамығанын біледі. Сол себепті, біз дәрігер ретінде оқиға желісінің дұрыс құрылуын, науқастың не біліп, не білмейтінін еске алуына көмектесуіміз қажет. «Медицина қызметкерлерінің коммуникативті құзыреттілігі бүкіл әлем ғалымдары үшін қалыпты ғылыми және тәжірибелік біліктілік, клиникалық ойлаудың қатарына жататын клиникалық тәжірибенің бір бөлігі ретінде қарастырылып келеді». Көптеген мақалалар оған себеп бола алады. Тимур Мурзалиннің жағдайында өмір және ауру тарихы жайлы ақпараттардың көптігі осыған мысал.
2. «Дәрігер қателік жіберсе, демек, оның білімін әлі де болса жетілдіру керек деген сөз». Қазіргі таңда бүкіл әлемде медициналық технологиялар және ақпараттық база жаңа деңгейді еңсеруде. Сондықтан медицина қызметкерінің кәсіби құзіреттілігі – бұл қазіргі тұрақты білім деңгейі емес, үнемі қалыптасу процесі екенін есте сақтау қажет. Әлемдік деңгейдегі әріптестердің зерттеулерін оқып, білімді жетілдіріп, біліктілікті арттыру кәсіби дамуға көмек береді. Тимур Мурзалиннің жағдайында науқасқа дұрыс таңдалған және жасалған алғашқы көмек - медицина қызметкерінің біліктілігінің көрсетті. Ауруханада науқастың ауру себебін анықтап, клиникалық белгілерін басты назарға ала отырып, қажетті рентгенографиялық зерттеу нәтижесінде дұрыс диагноз қойылғандығы – дәрігердің біліктілігін көрсетті. Сонымен қатар, қажет болатын тағы да басқа зерттеу түрлерін қарастырдық. Оларды болашақта клиникалық тәжірибеде қолданамыз.
...