Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Девиация мен әлеуметтік бақылау

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Реферат  •  520 Слов (3 Страниц)  •  1,496 Просмотры

Страница 1 из 3

Девиация мен әлеуметтік бақылау

Девианттылық- белгілі бір қоғамның назарлығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы  іс-әрекет. Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.Девиантты мінез құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б жатады. Девианттылықтың қылмыстық және қылмыстық емес екі түрі бар. Егер іс-әрекет заң тұрғысынан жазалауға жататындай қоғамға жат әрекет болса, онда оны қылмыс деп атаймыз. Бірақ девианттылықтың көп түрі заңға қайшы емес. Мысала, бір ай бойы жуынудан бас тарту неме көпшіліктің алтында өзін атеистпін деп жариялау заңға қайшы емес.

Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу «норма» түсінігімен байланысты. Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың неме ұйымның шектелген іс-әрекеті. Норма мінез құлықтың рет телуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.

 Девианттылық салыстырмалы түрде қарастырылады. Ол қоғамның берген анықтамасына, болған жайттың төңірегіндегі жалпы ахуалға және адамның мәдениеті мен субмәдениетіне байланысты болады.

Құрылымдық функцияшылдар адамнын девианттық әрекетінің қоғамдық тәртiпсiздiке қатысын анықтау үшін шиеленiс теориясын қолданады. Бір ауданмен салыстырғанда баска ауданда қылмыс деңгейiнiң неге жоғарылығын анықтау үшін, олар ұжымдық тиiмдiлiк теориясына жүгінеді. Символдык интеракционистер дифференциалды ассоциация, тежеу және ат қою теорияларын пайда ланады. Олар девианттылықты девиантты іс-әрекет пен девиантты болмыс қалыптас тыратын әрекеттесу нәтижелері деп қарастырады. Конфликт теориясынын мамандары девианттылыктын себебiн iздейдi және гендерлiк, нәсiлдiк және таптык теңсiздiк кезiнде девианттылыққа жетелейтін заңдылықтарды талдайды.

Аномия және қоғам

Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алған болып Э.Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеуметтік және мәдени факторлардың мәнін ашатын «аномия» түсінігін ұсынды. Қоғамның ауқымы өсіп,түрлері көбейіп, әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам нормалары пайдалануға жарамай , түсініксіз бола бастайды және бұл жағдай аномия терминімен түсіндіріледі. Аномия бұл реттіліктің, заңдылықтың болмауы. Ең бастысы- Дюркгейм де, одан кейінге құрылымдық функцияшылдар да девианттылықты жеке адамның ауытқуы емес, әлеуметтік мәселе ретінде сипаттайды, яғни бұл жеке адамның емес, әлеуметтік құрылымның проблемасы. Сондықтан девианттылық проблемасын шешу үшін жеке адамды түзетудің орнына қоғамыдық дисфункциялық жою керек.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (62.6 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club