Жасанды интеллектің медиариторика алаңында ойын көрсету проблемалары
Автор: arukabuu • Октябрь 13, 2020 • Доклад • 318 Слов (2 Страниц) • 725 Просмотры
Жасанды интеллектің медиариторика алаңында ойын көрсету проблемалары
Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Оны ғылымда "жасанды интеллект" дейді. Қазіргі таңда жасанды интеллект барлық салада бой көрсетуде. Жасанды интеллекттің нәтежиелі жемісі ол- роботтар. Осы роботтарды медиариторика саласымен байланыстырсақ. Қазіргі таңда, роботтар адамдардың көмекші құралына айналуда. Роботтар адамзат баласының қолынан келмейтін істерді атқаруда. Алайда, адам секілді ойлай алмауы, сөйлеп өз ойын жеткізе алмауы осыларды жасанды инеллекттің медиаритортка саласындағы проблемалары деп білемін. Яғни, адам санасының баламасы табылған жоқ. Алайда қазіргі таңда, медиариторика саласындағы проблемалар біртіндеп шешіліп келе жатқан секілді. Мәселен, Сауыт Арабиясында София әйел робот адам бейнесіне жасап шығарылған. Роботтардың арасындағы әйгілі және ең ақылды робот түрі. Оның құрастырушысы – Дэвид Хэнсонның – айтуы бойынша София қолдан жасалған интеллект иесі және визуалды ақпаратты талдап, адам беттерін ажырата алады. Ол адамдармен диалог құрауға қауқарлы және адамға тән 60 эмоцияны білдіре. Алдағы уақытта жасанды интеллекттің медиаритортка саласында ешқандай проблемалары қалмайтын секілді.
[pic 1]
Жасанды интеллект қоғамда өте жылдам қарқынды дамуда. Меніңше, алдағы уақытта адамдардың да орнын иемденетін секілді. Жасанды интеллекттің адамзатқа тигізер пайдасымен қатар орасан зор зияны да бар. Қазіргі таңда, халық арасында жұмыссыздық белең алуда. Бұның бәрі жасанды интеллекттің зиянды жағы. Мәселен, 2014 жылы америкалық миллиардер Джефф Безос Amazon.com компаниясының жүк тасымалдайтын мыңдаған қызметкерін жұмыстан босатып, олардың орнына роботтарды жұмысқа алған. Қазіргі таңда, компанияда жүз мыңнан аса роботтар жұмыс істейді екен.
...