Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ислам ахлағында жаман мінездер

Автор:   •  Май 3, 2020  •  Реферат  •  2,519 Слов (11 Страниц)  •  366 Просмотры

Страница 1 из 11

9 тақырып.  Ислам ахлағында жаман мінездер

лекция  мақсаты мен міндеті: Ислам ахлағында жеке адам мен қоғам шырқын бұзатын, тыныштығы мен бақытына сыза түсіретін жаман мінездерге орын беріледі және олардан аулақ болу жолдары ұсынылаты. Бұл лекцияда осындай жаман мінездерге талдаулар жасалып, білімгерлерге таныстырылады.

Лекция мазмұны:

Жанда ақыл қуатының басым болуымен туындаған әрекеттер «ізгілікті», ашу-ыза мен шахуат күштері басымдыққа ие болу нәтижесінде дүниеге келген әрекеттер «өнегесіз» деп аталады. Ізгілік – орта жол, өнегесіздік осы орта жолдың екі шетінде орын алатын ифрат пен тафрит (артық кету мен кемдік).

Туси мен оның ізбасарлары ізгілікті қасиеттердің түртеу екендігіне орай олардың антонимдері де алғаш қарағанда төртеу болу қажеттігіне тоқталады. Осыған қарағанда хикматтың антонимі – жахалат (надандық), батырлықтың антонимі – қорқақтық, адалдықтың антонимі – лаззаттарға құмарлық және әділеттікі – зұлымдық. Бірақ, олар мұның орнына терең зерделеудің нәтижесінде қол жеткізілген келесі бір өнегесіздік қасиеттер жіктеуін қабылдағандығы байқалады. Осыған қарағанда ізгілік - өнегесіздік деп аталатын ифрат пен тафриттың дәл ортасы. Ортаның екі жағында бір-біріне антоним екі өнегесіздік орын алады.

Орта екі түрлі болып келеді. Оның біріншісі математикада төрт санының ортасы екі саннан кейін келсе, алты санының ортасы үш саннан кейін тұрады бұл шынайы орта болып табылады. Келесісі – медицинада кездесетін типтік, индивидтік тепе-теңдіктер сияқты салыстырмалы орта. Туси этикалық ізгілік мәніндегі ортаны медицинадағы салыстырмалы ортаға ұқсатады. Ізгілік шарттардың ерекшеіктеріне қарай адамнан адамға қарай өзгеріп отырады. Бір адамның ізгіліктері алдында сансыз өнегесіздіктер орын алуы мүмкін. Десек де, моралистік алдындағы міндет жекелеген жамандық себептері мен өнегесіздікті табу емес, олардың негіздері мен жалпылық мәнін анықтау болып табылады.

Әрбір ізгіліктің алдында бірі ифрат, келесісі тафрит болатын екі өнегесіздігі болады. Олай болса, төрт ізгіліктің сегіз өнегесіздік қасиеті болады. Хикматтың шектен шығуы (ифрат) қулық болса, кемдігі (тафрит) – ақымақтақ. Батылдықтың ифраты – қызу қандылық (агрессивтілік), тафриті – қорқақтық. Ал иффаттың ифраты – лаззаттарға құмарлық, тафриті – мүлдем құмартпау. Әділдіктің ифраты зұлымдық, тафриті – зұлымдыққа бой ұсыну.

Ислам ахлағында разилаттарға жалпы шолу. Барлық істер мен әрекеттердің орта жолын ұстану фазилат (өнегелік) болып есептеледі. Фазилаттардың іргесі болып табылатын асыра сілтеушілік (ифрат) пен кемдік (тафрит) разилат болып есептеледі. Разилатқа түскен адамдар арасында алауыздық пен текетірес орын алса, өнегелік иесі адамдар арасында үнемі түсіністік, келісім, достық және үйлесім орнайды. Орта жол мен тепе-теңдік жалғыз ғана болса, өнегелік жоқ жерже разилаттар шексіз болып келеді.

Разилаттарды бойында жинақтаған азаматтар орын алған қоғамда алауыздық пен дау-дамайдың шығуы табиғи құбылыс. Осыған орай, исламның алып келген принциптер мұсылмандарды өнегелі адам етуге тырысқан, осылай, бүкіл адамзатқа үлгі, ізгілікке жолбасшы қоғам дүниеге келген. Ізгілікті қала, ізгілікті қоғам философиясының іргетасында осындай этикалық көзқарас жатқандығы анық.

Ислам діні адамның сезімі мен бейімділік жоқ қылуды мақсат етпейді, бірақ, адам өмірінің барлық дәуірі белгілі бір өлшеммен, ифрат пен тафриттен аулақ болуды ұсынады. Осыған орай мұсылмандықтан «итидал» (орта жол, байсалдылық) маңызды болып табылады.

Ислам жомарттықты үлкен өнегелік ретінде қарастырады. Бірақ, жомарттықтың, дәлірек айтар болсақ, өзгелерге берудің өнегелікке жатуы үшін жомарттық орта жолда болуы тиіс. Қайшы жағдайда ол өнегелік қасиеттен шығады. Тіпті, жауаптылықты талап ететін разилатқа айналады. Осыған орай өзгеге дүние үлестіруде орта жол сақталуы тиіс. Яғни шектен аса орынды-орынсыз, оңды солды дүниені шаша беруге болмайды, бұл – исраф (ысырап). Сондай-ақ, дүниеге ашкөзденіп, ешкімге беруге қимай да разилатқа жатады, бүл – сараңдық.

...

Скачать:   txt (35.9 Kb)   pdf (137.9 Kb)   docx (18.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club