Ерте Түркі мифология негізіндегі терминологиялық глоссари
Автор: Жанерке Нурахимова • Март 27, 2020 • Творческая работа • 784 Слов (4 Страниц) • 525 Просмотры
Ерте Түркі мифология негізіндегі терминологиялық глоссари
Мифологема- ол блгілі бір мифтік сюжеттің образдың глобальдығы яғни жаһандылығы кең таралуын қаншалықты деңгейде болған көрсетеді. Мсыалы «әлемдік ағаш», «ана богинясы» түсінікті мифологема ға жатқызуға болады.
Эпитафия- яғни жоқтау немесе өлген адамының сөзбен жеткізу. Бұл дәстір соғдылық Бұғыттық жазбаларда кездеседі.
Тәңіршілдік- түркі құдайларының ортақ ареалы әрі наным-сенімдерінің ортақ жүйесін құрап отыр. Қазақ мифологемасында, Қайсар- батырлық бейнелерінің бірі болса, аң аулауда- Санжар емімді тұлғамен байланыстыралады.
Кеңістік- түркілер үшін ерекше дүние ретінде санап ол уақытсыз өмір сүре алмайтындығымен ерекше.
Хронотоп- кеңістік пен уақыт арасындағы байланыстырушы звено ретінде қабылданған.
Хаос- ол түркі мифологиялық түсінікте космос бейнесімен байланыстырылады, яғни мифологиялықсокральды материялар жер ауа аспан су пайда болғанға дейін хаос болды.
Жер асты әлемі – Эрклиг құдайымен сәйкестендіріліп отыр. Жер үстіңгі әлемі- Эзрен тэнгри. Үстіңгі әлем- Кан курбустан түсінігіммен байланысты.
Уақыт- профандық және мифологиялық деп бөлінеді. Мифологиялық деп- оқиғаның логикасын түсіндірсе, профандық деп тарихи уақыттың өзін көрсетеді.
Синкретикалық аңдар- қос қанаты бар арыстан, барыстар аталса, синкретикалық үй жануарларға- қос қанаты бар жылқыларды жатқызады.
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды.
«Әлемдік ағаш» - Алтайлықтарда ақ қайын ағашымен байланысты, ал құсжолы сол халықтың киелі ағашымен сәйкестендіріп отыр.
Архетип– грек тілінің бастау және бейне сөздерінен бастау алған архетип сөзі алғашқы үлгі, түпнұсқа деген мәнге ие. Архетип – тарихи-салыстырмалы тіл білімінде туысқан тілдердегі заңдылықтарға сәйкес қайта құрылатын кейінгі дамыған сөздердің бастапқы түбірі болатын тіл тұлғасы.
Ғалам бейнесі – әлем моделін анықтау барысындағы жоғары дәрежелі абстракциялық түсінік.
Ғаламның тілдік бейнесі – нақты бір тілдік қауымдастықтың санасында тарихи қалыптасқан және әлем туралы түсініктердің тілде бейнеленген жиынтығы, ақиқатты концептуалдаудың тәсілі.
Ғаламның мифологиялық бейнесі – танымның, мифологияның түрлі қабаттарынан құралатын мифтік лексикалық бірліктер арқылы өз болмысын, білім-таным жүйесін көрсететін лингвоментальді құрылым.
Демонология – алғашқы қауым кезеңдеріндегі анемистік наным-сенімнің негізінде қалыптасқан жын-шайтан туралы ұғымды ғылым негізінде зерттейтін ілім.
Демононим – мифтегі, мифологиядағы демоннологиялық кейіпкерлердің есімдері.
Дүниетаным – жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп әсер етеді.
Мифоантропоним – мифтердегі мифтік таным-түсініктің негізінде қалыптасқан кейіпкердердің жекелеген есімдері
Мифозооним – шынайы өмірде болмайтын, бірақ адамзаттың таным-түсінігінде шынайы деп танитын жануарлардың есімдері
Мифология – алғашқы санадағы шындықтың ерте дүниедегі творчествоға тән қиял түрінде бейнеленуі. Философиялық тұрғыдан ол көне қоғамдағы дүниетаным көрінісінің өзгеше бір формасы.
Мифологиялық ойлау – белгілі бір дәрежежедегі абстракция. Сондықтан оның нақты түрде анықталмайтындығы да оның адамзат мәдениеті, тарихының,тіпті сананың өзінің дамуының көне, синкретті кезеңімен төркіндес екендігінде.
...