Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Діннің мәні

Автор:   •  Март 28, 2023  •  Реферат  •  4,390 Слов (18 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 18
  1. Діннің мәні

Батыс әлемінің танымында дін – латын тілінде «religio» «Аса құрметті, мән берілген, тағзым етілген нәрсе» мағнасына келеді, сонымен қатар: Құрмет, тақуалық, Құдай жолындағы қызмет, байлану һәм қасиетті (нуминозды) заттар мен ретуалдардың жиындығын айтады.

Екінші көзқараста дін сөзіне «religatio» – байлану мағнасы дәлірек болады деп тұжырымдаған. Байланудағы мақсат: Құдайдың даналығын сүю (теософия) және Оның заңдылығына жан-тәнімен нануды айтады.

Дін - Құдайлық үкімді асқақтықпен силау һәм Жаратушыдан үйретілген асыл (оригинал) сенімге байлану, одан әрі нақтылар болсақ, байлану тек сенімге болмақ себебі: Ибраһимдік діндерде асыл сенім жалғыз иәки адамзат тарихындағы Адам ата пайғамбар мен 124.000 пайғамбардың теологиялық сенімі біреу ғана, сенім базқалпында сақталып қалуы керек. Ал, шариғат (діни жоралғылар) әр пайғамбардың заман талабына сай өзгерген.

Дін бір жағынан дүниеге ерекше көзқарас және Құдайлық феноминнің мәніне үңілу, тиісті мінез-құлық, нақты әрекеттер арқылы культ (құрметтеу, бас ию) сипаты, Құдіретті күшке бас ию әрі оған сенім жүйесін қоса алғандағы рухани мәдениетті, Оның тыйымдары, қоғам өмірі, мәдениеті һәм осы айтылғандардың барлығын байланыстыру әрі адептерді сенім арқылы  байлауды дін деуге болады деген. [1. 6б].

Мұсылман әлемі діннің араб тіліедегі тілдік мағнасы - сыйлық, есеп, жол, заң, бағыну, құлшылық, ұлт, мойынұсыну, даңғыл жол мағналарына келеді. Негізгі мағнасы Аллаға бағыну. Ал, шариғаттағы мағнасы: «Дін – ақыл иелерін тікелей жақсылыққа бағыттайтын илаһи заңдар жиынтығы»[2. 17 б]. Сондай-ақ, «дін» ұғымына барынша жинақы түсінік берсек – Адамзатқа пайғамбар арқылы келген Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері. Діннің ұлан асыр мағналық көпқырлықтары бұл сипаттауданда кең біз барынша ықшамдап келтіруіміз осы.  

Діннің бірінші сипаты: Жасаулы болмауы тиіс иәки Жаратушының тарапынан уахи1 арқылы түсірілуі керек, олай болмаған жағдайда ешкімнің дін ойлап табуға хақы жоқ. Пайғамбарлардың миссиясы асыл дінді адамдарға жеткізу болды. Ал, ұлттардың дінді дәстүрлендіруі бөлек тақырып, оған кеңінен тоқталармыз.

Екінші сипаты: Қоғамдық мәні, дін адамды екі дүниеде де бақытқа жетелеуі тиіс. Адамның бүкіл іс-әрекетін қайрымдылық пен ізгілікке2 бағыттайды. Себебі, о дүниелік өмірге қажетті негізгі қағидалар тізбегін дін ғана үйрете алады [3. 10б].

  1. Уахи - Алланың дін үкімдерін Жәбрайіл періште арқылы пайғамбарларға үйретуі.
  2. Ізгіліе – Қарымтасына алғыс немесе сауап күтпей істелген іс.

Ал, қоғамдағы топтардың немесе жекелеген адамдардың психологиясына, қаржысына, отбасылық амандығына, денсаулығына зиян беруі әрі кері әсерлері болатын болса, ол дін емес адасу. «Дін ғылымсыз соқыр, ғылым дінсіз толық емес» деген Альберт Эйнштейннің сөзі дәл келеді.

Атеис ғалымдардың дінді түсіндірулеріне келсек. Дін - белгілі бір топтың баю мақсатында ойлап тапқаны, ешқандай қасиеттілік , пайғамбар да, перііштелер, . Дінді позитивистік (анық, көруге, ұстауға, сезінуге болатын зат)  өлшеммен тануға болады. Ал, руханиятының барлығы жалған, сандырақ деген топ.  

Ғылымда «Дін дегеніміз мынау» деген нақты анықтама жоқ, анықтамалар кезеңге, діни ұстанымға, ғылыми танымға, географиялық ерекшеліктерге байланысты философтар, әлеуметтанушылар, дінтанушылар, атеистер және ислам ғұламалары түрлі анықтамалар қалдырған.

Батыс ғалымдарының дінге берген анықтамалары

  1. Религии Мира Энциклопедия, Москва 272 c.
  2. Ержан Қ.С. Махмет М. Салыстырмалы діндер тарихы -  Оқу құралы, - Алматы: «Нұр-Мубарак» баспасы, 2007. – 288 б.
  3. Сейтбеков Смайыл. Иман негіздері, Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, -Алматы. 2011. -376 б.

Дәріс 2. Діндарлық пен дінсіздік

Қазіргі дін социологиясы мен психологиясындағы маңызды әрі күрделі мәселелердің бірі – діндарлық ұғымы. Дін социологиясы діндарлық феноменін зерттеуде оның әлеуметтік көріністері мен өлшемдеріне басты назар аударатын болса, дін психологиясы діндарлықтың индивидуальды және топтық деңгейдегі көріністері мен ерекшеліктерін сипаттауға талпынады. Діндарлықтың социологиялық анықтамалары макро және микроәлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне негізделсе, психологиялық анықтамалар тұлғалық, тұлға аралық және кіші топтар талдауына сүйенеді. 

...

Скачать:   txt (65.5 Kb)   pdf (266.9 Kb)   docx (218.8 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club