Геодезиялық торлардың түрі мен мәні
Автор: bula_98_21 • Март 30, 2018 • Курсовая работа • 5,467 Слов (22 Страниц) • 1,907 Просмотры
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индустрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау әдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде. Көбінесе ғимараттармен құрылыстарды құрама, құрама-темір-бетонды конструкциялардан салу; құрылыс машиналары және монтаждау жабдықтарының жаңа, тиімді, өндірімді түрлері іске қосылуда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын құрылыс өндірісінде тиімді іске асыру үшін, уақтылы ең аз шығынмен жаңа қуат көздерін, тұрғын үйлерді, заводтар мен фабрикаларды және әр түрлі инженерлік құрылыстарды сонымен бірже жобалық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын арттыру керек.
Сонда, құрылыс-монтаждау өндірісінде қолданбалы геодезияның маңыздылығы өсе түседі де, ондағы істелетін жұмыстарға қойылатын геодезиялық өлшем дәлдіктерінің талаптары артады. Мұндағы ерекше орыналатын геодезиялық жұмыстар-құрылыс құрамаларын жобалық жағдайға дұрыс келтіріп орнату, яғни геодезиялық әдістермен құрамаларды жасау және монтаждау кез-дерінде жіберілген дәлсіздік теру артылы анықтап, түзетіп отыру. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды дұрыс бағаламау, анықталған қателіктерді дер кезінде жойып, орынына келтірмеу құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапа-сын төмендетіп, немесе алкен шығынға әкеп соғады (құрылыстықайта салу, жобалық жағдайға келгенше түзету, адам өмірі нетуатын өндірістік қауіпт.т.).
Конструкциялардың пландағы орынын, биіктік шамаларын бақылау және оларды тігінен орнату қолданбалы геодезияда өте дәл жұмыстар түріне жатады. Әр түрлі конструкциялардың бір-бірінен салыстыра қарағандағы орналасу алшақтықтары 2 мм аспауы керек. Ақпалы конвейрлер желісі, заводтардағы құймажелілері (прокатные станы), ядролық фізика нысандарын монтаждауда алшақтық 1 мм аспайды.
Осы маңызды жұмыстарды атқару үшін кейінгі жылдары геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру, электрондық және лазер лік техникаларды қолдану аясы жетілдіруде.
Біздің елімізде кешенді құрылыс салу халықшаруашылығының өте күрделі салаларының бірі бола тұра, конститутция бойынша республика халқын сапалы және әріленген тұрғын үй, өндіріс орындарымен, инженерлік құрылыс-тармен қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттің республіка жұртшылығына бағыттаған арнауындағы бағдарламаға сай қазіргі таңда әлеуметтік, бағасы арзан құрылыстар салу кездерінде құрылыс мамандарының білімді жаңа заманғы құрал-аспаптарымен, ең озық техника жетістіктерімен қарулануы.
І ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРУ ТОРЛАРЫ
Геодезиялық тор — Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы. Геодезиялық Тор пункттерінің координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған пункттердің жиынтығын геодезиялық тіректік тор деп атайды. Олар жиілету немесе толықтыру торларының негізі болып табылады. Пункттердің абс. биіктіктерін геодезиялық биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық Тор пункттерінің пландық координаттары триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен анықталса, биіктіктік жағдайы — геом., тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен анықталады. Геодезиялық Тор топограф. түсірімдер,карталар жасау, сондай-ақ, барлау, құрылыс салу жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік есептеулеріне байланысты пландық және биіктік негіз ретінде қолданылады.
Геодезия - Жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары Геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда бодды. Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Б.з.д. XIV—XII ҒҒ. Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Геодезия Ежелгі Грекияда жоғары дамып, теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның (шамамен 1 ғ.) «Диоптрия тура геожүйелердің қалыптасу, қызмет ету және даму процестері. Олар геожүйелердің қасиеттері мен құрамдарының, шекаралары мен өзара байланыстарының өзгеруімен қатар жүреді. Геодезиялық процестер заттық, энергетикалық немесе ақпараттық, географиялық нақтылыққа байланысты - физикалық-географиялық (табиғи), қоғамдық –
...