Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік педагогтың суицидке бейім жасөспірімдермен алдын алу жұмыс жүйесі

Автор:   •  Апрель 3, 2020  •  Реферат  •  1,697 Слов (7 Страниц)  •  591 Просмотры

Страница 1 из 7

Әлеуметтік педагогтың суицидке бейім жасөспірімдермен алдын алу жұмыс жүйесі

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жасөспірімдердің өзінің өміріне қастандық жасалуы маңызды мәселелердің бірі екені көрсетілген.

Мақалада коғамдағы өзекті мәселе жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі жағдайы зерттеліп, анықтама беріледі. Жалпы қандай жасөспірімдер өзінің өміріне қастандық жасауға бейім екенін анықтап, алғаш суицид терминіне анықтама берген ғалымдарға шолу жасалады.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің ата-анасымен тікелей қарам-қатынасы маңызды екені көрсетіліп, мұғалімдермен суицидке бейім балалармен қандай жұмыстар жасау  керектігі айтылып, балалардың өмірге қайта бейімдеу тәсілдерімен амалдары қарастырылады.

Мақалада әлеуметтік педагогтардың суицидке бейім балалардың қоғамға қайта қалыптасу, тәрбиелеу процесіндегі рөлі көрсетіліп, педагогтардың ерен еңбектері жайында атап айтады.

Кіріспе

1875 жылы шетелдік басылымдар бетінде өзін- өзі өлтірген бұғы жайлы қызықты мәлімет ел назарына елінді. Хайуан өзін- өзі шыңыраудан тастап жіберіп жан тапсырыпты. Десек де, елеусіз оқиға болып көрінсе де,  елді бір дүрліктірді. Санасыз мақлұқтың саналы әрекеті қоғамды бей-жай қалдырмады. Көптің көкейін де «бұл қалай, не себепті» деген сұрақтар сайрап тұрды. Сөйтсе бұғы соңынан қуған аңшылардың қолынан қиналып өлгеннен, шыңыраудан құлап өлуді артық көрген екен. Ойсыз аңның ессіз әрекеті орынды дейік, ал ойлы адамдар ше? Айдын күннің аманын да, жақындарымыздан қапияда көз жазып қалып жатамыз. Соның ішінде өз-өзіне қол жұмсау фактісі жиі кездесіп жатады. Бүгін де бұл дерт қоғамның назарында.  Кейбір мамандар  өз-өзіне қол жұмсау дертін СПИД ауруынан  кейінгі ғасыр дертті деп атайды. Тәуелсіздіктің құшағында ер жетіп, егемендіктің бағында асыр салған жасөспірімдердің осындай жағдайға жетуіне не себеп? Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге дүние жүзіндегі өзекті мәселеге айналып отыр. Біздің елде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы 14-17 жас аралығында. Балалықтың базарынан шықпаған, жалынды өрендеріміздің өз-өзіне қол жұмсауы түсініксіз жағдай болып көрінеді. Алдымен, осы суицид терминінің мағынасын ашсақ.

Негізгі бөлім        

Суицид латын тілінен аударатын болсақ өзін- өзі өлтіру. Суицидтің қоғамға қалай келегені белгісіз. Негізінен бұл әдісті яғни өзін- өзі өлтіруді соғыстарда көп пайдаланған. Мәселен, жау елінен тұтқынға қолбасшы немесе жауынгер түсіп қалған жағдайда, олар өз-өздерін өлтірген. Мұның себебі өз елінің жасырын яғни, құпия ақпараттарың сақтау мақсатында және елін қорғау оймен. Бұл түсінікті деп ойлайық. Ал қазір ғасыр дерттіне айналып отырған бұл індеттің соңынан ерген жас буындар жанға инедей батады. 1947 жылы итальян психологы Г.Дэзен суицид терминіне былай анықтама береді: «Суицид – өзін-өзі өлтіруге әрекет ету». Қазіргі кезде, қоғамда бірнеше ғылымды біріктіріп Суицидалогия деген үлкен бір ғылыми бағыт бар. Бұл ғылымның мақсаты өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғалардың себептері мен ерекшеліктерін зерттейді.

        Заң аясында, өзін-өзі өлтіруді әртүрлі негізде қарастырылады. Оның біріншісі, қорытынды өзін-өзіне қол салу. Бұл жеке тұлғаның болашақтың жоқтығына ойлану барысында көзі жеткен және өз әрекетіне есеп бере тұрса да өз-өзін өлтіруге баратын жандар. Екінші сатысы, ашық қарсыласу деп аталады. Баянсыз махаббат, ажырасу, жан күйзелісі және көңілінің құбылмалы болуы өзіне-өзі қол жұмсауының себебі болады. Үшінші, кенеттен өзін-өзі өлтіру. Отбасынан не болмаса басқа жақтан суық хабар алғаннан кейін күйзеліске түсіп, кенеттен өзіне қол салу. Және соңғысы, психикалық ауырған кезде өзіне қол салу.

        Ғалымдардың зерттеуі бойынша әр жас кезеңдеріне байланысты, өзіне қол салу әрекеті белсенді болады екен. Мәселен, балалық шақ – 12 жасқа дейін, жеткіншектік кезең – 12-17 жас, жастар арасы-17-29 жас, ересектер арасы – 30-35 жас, қарттық кезең -55-70 жас. Негізін де, отбасында 5 жасқа дейін  балаларда өзін-өзі өлтіруге өте сирек барады. Отбасылық қақтығысқа байланысты 80% жасөспірімдер өмірлерімен қоштасуға шешім қабылдайды. Егер әлем бойынша әрбір 40 секунд сайын өзін-өзі өлтіру оқиғасы тіркелсе, онда Қазақстанда әр бір бір  сағат ішінде суицид мәліметі тіркеліп отырады. Суицид түрлері: анық, жасырын, аффективтік, жария суицид.[1- сурет]

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (135.7 Kb)   docx (17.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club