Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғам және әлеуметтік орта

Автор:   •  Февраль 9, 2022  •  Творческая работа  •  302 Слов (2 Страниц)  •  288 Просмотры

Страница 1 из 2

«Қоғам және әлеуметтік орта»

     Қоғам-ол бізді қоршаған жалпы әлем. Әлеуметтік орта-біздің қоғамға көзқарасымызды қалыптастырушы бөлшек. Біздің жас кезеңдеріміздегі әлеуметтік орталарымызға байланысты қоғамға деген пікіріміз және индивидтік көзқарасымыз қалыптасады. Әлеуметтік орта біздің қоғамға деген қарым-қатынасымызды қалыптастырушы негізгі фактор.

     Жалпы, егер әлеуметтік ортамыз дұрыс болмаса жеке тұлға ретінде біздің қоғамға деген пікіріміз теріс болуы мүмкін. Бірақ қандай жағдай болмасын, әлеуметтік ортамыз біздің алғашқы өмір тәжірибелерімізде өз саусақ таңбасын қалдырары сөзсіз. Біздің әлеуметтік ортадағы басты құқығымыз-таңдау еркіндігімізде. Қоғамда қандай бағытты ұстанатындығы әр адамның өз еркінде. Әсіресе, жеткіншек кезімізде біздің қоршаған ортаға деген алғашқы бағамыз қалыптасатын секілді. Біз дәл осы кезде өзіміздің кім болатындығымызды және қоғамдағы міндетімізді анықтаймыз деп ойлаймын. Әлеуметтік орта біздің жеке тұлғамызды қалыптастырудағы өте күрделі бөлшектің бірі. Егер біз қоғамда жетілген тұлға ретінде қалыптасқымыз келсе, әлеуметтік ортадағы дамуымызды мейлінше тиімді және дұрыс жағынан жасауымыз керек.

     Біздің тұлғалық болмысымыз-ол әлеуметтік ортадағы дамуымыздың нәтижесі. Атақты ирланд драматургы және әзілкеші Бернард Шоу: «адамның бұл өмірдегі ең үлкен жетісітігі-әлеуметтік ортадан өзін адамгершілік болмысы бар тұлға ретінде қалыптастырып шығуы» деген екен. Егер осы сөзге мұқият мән берсек, шынында біздің бала кезімізден бергі қалыптасуымыз біздің алғашқы әрі ең бірінші ортамыз ата-анамызға байланысты. Содан соң, мектеп қабырғасындағы ортамызға. Бойымыздағы адамгершілік пен тәрбиені осы аралықтарда шыңдап, одан әрі университетке түсіп, үлкен өмірге қадам басқан шағымызда жоғалтып алмасақ болды. Бала және жеткіншек кезеңдерде қалыптасқан бойымыздағы қасиеттер, біздің қоғамды бағалауымызға үлкен әсерін тигізеді деп есептеймін. Біз адамдарды өзімізге деген қарым-қатынасы бойынша бағалаймыз.Мысалыға:  дәл осы кезде, біздің бойымызда адамгершілік, мейірім немесе т.б. қасиеттер болса, қоғамдағы кемшіліктерге қарамай, біздің оған деген бағамыз оң болады.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (33.4 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club