Қатерлі ісік туралы
Автор: Asemok97 • Май 14, 2018 • Статья • 1,762 Слов (8 Страниц) • 859 Просмотры
ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАН ӘЙЕЛ АДАМДАРДЫҢ
ӨЗ АУРУЫНА ҚАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУ
Айтбайқызы Ә.
Игембаева К.С.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар айында еліміздің халқына Жолдауында, жетінші тармағында «үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» дей отыра, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек екендігі айтылды. Оның ішінде қатерлі ісік аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет екендігі және халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуі тиіс деп шешілді [1]. Қатерлі ісікке шалдыққан әйел адамдардың өз ауруына деген қатынасын анықтау, ауруды ерте диагностикалау мен алдын ала қажетті психологиялық шараларды жүзеге асыру, тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Медициналық психология тұрғысынан кез келген сырқаттың психологиялық себептерімен алдын ала психологиялық жұмыстар жүргізілетін болса, бұл дерттің статистикалық санын өзгертуге болады. Психосоматика саласы тұрғысынан, кез келген сырқатты алдын алатын болсақ, бұл адамның эмоционалдық тұрғыда жай күйін реттеуге мүмкіндік береді.
Қаншама жандардың өмірлерін талқан еткен кесел – қатерлі ісікке шалдыққан адамдар жыл санап артып барады. Бұл ауру кейінгі жылдары жастар арасында да кездесуде. Елімізде жыл сайын 30 мыңғы жуық тұрғын осы дертке шалдығады. Қатерлі ісік ауруы өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды [2].
Біздің елімізде қатерлі ісік сырқаты мәселесінің жан-жақты зерттелуіне дамуына С.Нұғыманов, С.Балмұханов, Ж.Әбдірахманов, О.Смахтина, Н.Количева, М.Қайрақбаев, Н.Әжіғалиев, және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Ал қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды психологиялық тұрғыдан зерттеп, көптеген ғылыми жұмыстар жазған ғалымдар: С.Саймонтон, С.Бансон, Х.Вот, Бартроп, К.Юнг және т.б [3].
Кемелдік шақ, ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптін арасында бұл кезеңді қалыптастыру мәселесі талас туғызып жатады. Э. Эриксонның пікірінше, кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа дейін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз. Кемелдік шақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Э. Эриксонның ойынша, кемелдік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады [4].
Біз бұл мақалада қатерлі ісіктің бастапқы және соңғы дәрежелі диагнозды әйел адамдардың өз ауруларына деген қатынасын салыстырмалы түрде зерттеуді мақсат еттік. «Қарағанды облысының онкологиялық орталығында» 35-50 жас аралығындағы жалпы 40 әйел адамдарға жүргіздік. Оның ішінде қатерлі ісіктің 1-2 дәрежелі сырқат әйел адам саны -20, ал 3-4 дәрежелі сырқат әйел адам саны да-20. Бұл сыналушылар орталықта «сүт безінің ісігі» ауруымен тіркеуде тұрған науқастар. Қатерлі ісікке шалдыққан түрлі дәрежелі диагнозды әйел адамдардың өз ауруына қатынасын анықтау үшін В.М.Бехтерев атындағы клиникалық-психологиялық институтының зертханасында құрастырылған Л.И.Вассерман пен Б.В.Иовлевтың «Тобол» әдістемесі арқылы зерттеуді жөн көрдік [5].
Қатерлі ісікке шалдыққан әйел адамдардың өз ауруына қатынасын зерттеуге байланысты жүргізілген науқас әйел адамдардың өзінің ауруына деген қатынасын талдау мақсатында, сыналушылар тобын екі таңдамаға бөліп қарастырдық. «Тобол» әдістемесі адамның өз ауруына қатынасының типті психодиагностикасына арналған. Осындай диагностикада А.Е.Личко мен Н.Я.Ивановтың ауруға қатынасының типологиясы пайдаланды. Бұл әдістеме келесі 12 түрлі қатынастарды диагностикалауға мүмкіндік береді: сенситивті, алаңдаушы, ипохондриялық, меланхоликалық, апатиялық, неврастениялық, эгоцентриялық, паранояйльды, анозогнозиялық, дисфорикалық, эргопатиялық, үйлесімді. Сыналушылардың тобында жүргізілген әдістемеге сәйкес 12 тип бойынша әртүрлі көрсеткіштер анықталды.
...